ПетроKазахстан: Жаңалықтар : ҚАРАБҰЛАҚ КЕНІШІНДЕГІ ВАХТАЛЫҚ ПОСЕЛКЕНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


ҚАРАБҰЛАҚ КЕНІШІНДЕГІ ВАХТАЛЫҚ ПОСЕЛКЕНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
07 қараша 2018 ж.

ҚАРАБҰЛАҚ   КЕНІШІНДЕГІ  ВАХТАЛЫҚ ПОСЕЛКЕНІҢ   АШЫЛУ  САЛТАНАТЫ

2018 жылдың 1 қарашасы күні Оңтүстік-Торғай ойпатындағы Арысқұм иінінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Қарабұлақ кенішінде бой көтерген «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вахталық поселкесінің салтанатты жағдайда ашылу іс-шарасы болып өтті.  

Осы орайда «ПҚҚР» АҚ жұмыскерлерінің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту ісіндегі маңызы зор қадам ретінде 45 орынға есептелген вахталық тұрғын кешен құрылысының салынуын айта кеткен абзал. Жұмыскерлер енді жанға жайлы жаңа қоныста тұратын болады. Олар үшін екі және үш адамдық бөлмелер, жаңалықтар мен телебағдарламаларды көріп-тамашалауға арналған тынығу бөлмесі қарастырылған. Жатақхана тұрмыстық техникалармен, душ бөлмелерімен және санитарлық тораптармен  жабдықталған. Көптеген жұмыскерлер үшін бұл кешен ұзақ уақыт бойы олардың екінші үйіне айналары сөзсіз. 

 
Әкімшіліктік корпуста қазіргі заманғы ас үй жабдықтарымен жарақталған асхана, оқшаулау бөлмесі бар медициналық пункт, кір жуу орны және вахта жұмыскерлері қолдары бос уақытта бильярд пен теннис ойнайтын зал жайғасқан.

  
«ПҚҚР» АҚ-ның күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев мырза салтанатты шараның барлық қатысушыларын жаңа поселке қызметінің басталу қуанышымен құттықтады.

 

Pic1  Pic2

 
- «Компанияның бүгінгі уақытта жүргізіп отырған кадрлық – әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту болып табылады,- деп атап өтті өз сөзінде Болат Көшербаев. – Сол себепті мұнайшыларға арналған вахталық поселкенің ашылуы – баршамыз үшін маңызды оқиға саналады. Қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай келетін тұруға қолайлы тұрғын жайды салудың сәті түскендігіне бәріміз куә болып отырмыз, мұның өзі көпшілік көңілін сүйсінтерлік нәрсе».

 
Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Брюс Андерсон мырза соңғы кездері Арысқұм мен Қызылқия кеніштеріндегі вахталық поселкелерге түскен жүктеменің шамадан тыс артып кету жағдайларының байқалғандығын баса көрсетті, сондықтан ол осы аталған түйткілді мәселені шешуге жаңа объекті құрылысының салынуы өз септігін тигізетіндігіне сенім білдіріп, объектінің құрылыс жұмыстарына қатысқандарға өз алғысын айтты.

 

Pic3  Pic4

 

Pic5  Pic6

 

Pic7  Pic8

 

«ПҚҚР» АҚ компаниясының вице-президенті Болат Көшербаев пен Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Брюс Андерсон салтанатты жағдайда лентаны қиды.

 

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның вахта жұмыскерлерін жаңа қоныс тойымен құттықтаймыз!



← Жаңалықтар бетіне қайту