ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
09 маусым 2016 ж.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 

Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2015 жылы өзінің 30 жылдығын атап өтті. Қазіргі уақытта зауытта қондырғыларды реконструкциялау мен жағырту бойынша кең ауқымды жаңғырту жобасы жүргізілуде, жоба аяқталғанда мұнайды өңдеу тереңдігі 80%-ға дейін жоғарылайтын болады. Зауытта шикі мұнайды өңдеу көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда, сонда бензинді өндіру көлемі 3 есе көбейетін болады және шығарылатын бензиннің барлығы Евро-4 және Евро-5 экологиялық стандарт сапасына сәйкес келетін болады. 

Шымкент мұнай өңдеу зауыты – Қазақстан Республикасының халқы ең тығыз орналасқан оңтүстік өңірінде орналасқан жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Географиялық қолайлы орналасуына және техникалық мүмкіндіктерінің жоғарылығына байланысты кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сапалы өнім жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар. 

«ПКОП» ЖШС-н жаңғырту жобасы 2 кезеңге бөлініп, іске асырылуда. Бірінші кезеңінде Кеден Одағы Техникалық регламентінің талаптарына сай келетін К4 және К5 экологиялық кластағы моторлы отындарды шығару жоспарлануда. Осы мақсатта кәсіпорында жұмыс істеп тұрған бір қатар технологиялық қондырғылар реконструкцияланып, тағы бір қатар жаңа технологиялық қондырғылар салынуда. Олар: шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар изомерлеу қондырғысы, қуаттылығы жылына 4000 тонна күкірт өндіретін қондырғы, дизель отынын гидротазалау қондырғысы. Осы қондырғыларды іске қосқаннан кейін зауыттың барлық өнімі Евро-4 және Евро-5 стандарттарына сәйкес болады. 

Жаңғырту жобасының екінші кезеңі мұнайды өңдеу тереңдігін 80%-ға дейін көтеруді қарастырады. Жобаның екінші кезеңінде каталитикалық крекинг қондырғысы «RFCC», бензинді гидротазалау қондырғысы «Prime G+», күкірт өндіру қондырғысы, сутекті тазалау қондырғысы және басқа қондырғылар салынатын болады. Жобаның екінші кезеңі аяқталғанда зауытта жоғары октанды бензинді өндіру көлемі жылына 652 мың тоннадан 2 270 мың тоннаға дейін, дизель отынын өндіру көлемі жылына 1 192 мың тоннадан 1 916 мың тоннаға дейін, авиа отынды өндіру көлемі жылына 254 мың тоннадан 400 мың тоннаға дейін көбейетін болады. Шығарылатын өнімдердің жалпы көлемінде жоғары октанды автобензиндердің үлесі 100%-ды құрайтын болады. Жобаны аяқтау 2017 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. 

1985 жылы құрылған уақытынан бастап Компания өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Компанияның орналасқан орны үлкен жауапкершілікті жүктейді және кәсіпорын мамандары бұл жауапкершілікті толық сезінеді, сондықтан «ПКОП» ЖШС жылдан жылға өңірдің қоршаған ортасына өндірістің әсерін төмендетуге бағытталған мақсатты саясат жүргізіп келеді. 

Компания жыл сайын табиғатты қорғау шараларына қаржы салып келеді. 2015 жылы атмосфералық ауа мен климатты қорғауға 347 089,0 мың теңге, су көздерін ағызынды сулармен ластанудан қорғауға 2 703 556,0 мың теңге, қалдықтарды басқару шараларына 943,8 мың теңге жұмсаған. Компания нәтиже болмаса, жұмсаған шығындар зая кетеді деген ұстанымды ұстанып келеді. Миллиардтаған қаржы жұмсап, жоспарлаған мақсатқа қол жеткізе алмау да мүмкін. Ал терең талдау негізінде өндірісті экологияландыру саясатын құрып, жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге де болады. Санитарлық-қауіпсіз нормаларға қол жеткізу қамтамасыз етілген. Зауыт зертханасы зауыттың өндірістік ағызынды суларының сапасына, сондай-ақ зауыттың өндірістік жайларының және санитарлы-қорғалатын аймағының қоршаған орта жағдайына зерттеу жүргізеді. Ластағыш заттардың санитарлық-гигиеналық нормативтерден асып кеткен жағдайлары тіркелмеген. Әр он күн сайын лас заттарды тастайтын тұрақты (стационарлы) көздерден қанша мөлшерде лас заттар тасталатыны құралмен (аспаппен) өлшенеді. Қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттардың мөлшері қоршаған ортаға алынған эмиссияда белгіленген нормативтерден аспайды. 

Компанияның негізгі экологиялық мәселелері шешілген немесе жақын арада толық шешіледі. 

Қуаттылығы жылына 4000 тонна күкірт өндіретін қондырғыны іске қосқаннан кейін өндірістің қоршаған ортаны ластайтын негізгі ластағыш заты – күкірттің қос тотығын қоршаған ортаға шығару шамамен 20%-ға азаяды. Тазалау құрылғыларының мұнай өнімдері бойынша жұмыс тиімділігі 97,3%-ды, механикалық қоспалар бойынша – 75,9%-ды, ОБТтолық (оттегіні биохимиялық тұтыну) бойынша – 76,3%-ды, фенолдар бойынша - 91%-ды құрайды. Осындай жақсы көрсеткіштерге «ПКОП» ЖШС өнеркәсіптік өңірлерде экологиялық балансты сақтауға бағытталған әлемдік жақсы тәжірибелерді өндіріске енгізу арқылы қол жеткізді. 

Табиғатты қорғау қызметінің басты бағыттары. 

«ПКОП» ЖШС өзінің табиғатты қорғау қызметін негізгі үш бағыт бойынша жүргізеді: 

• Экологиялық ақпараттың барынша ашық болуы; 
• Тиімді біріктірілген сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйелерін енгізу; 
• Биік мақсат – қалдықсыз өндіріске қол жеткізетін болып, технологиялық процесті барынша экологияландыру. 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де біріктірілген менеджмент жүйесі аясында төменде көрсетілген менеджмент жүйелері әзірленіп, енгізілген және олар жұмыс істейді және тұрақты жетілдіріліп тұрады:  

• OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі 2009 жылы енгізілген. Сертификатының №2010/36323.2, жарамдылық мерзімі 2012 жылғы 11 желтоқсаннан 2018 жылғы 11 желтоқсанға дейін. 
• ҚР ISO 50001:2012 ұлттық стандартының талаптарына сәйкес энергоменеджмент жүйесі 2014 жылы енгізілген. ҚР ISO 50001:2012 СТ энергоменеджмент жүйесіне сәйкестікке сертификат алынған. 2014 жылғы 2 сәуірде алынған сертификаттың № KZ.71009433.07.03.00398, ол 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін жарамды. 
• 2015 жылдың шілде айында ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес «ПКОП» ЖШС-нің қызметі сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігіне сертификациялық аудит жүргізілді. 

Зауыттың құрылымдық бөлімшелерінде ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 ЭМЖ-не және ҚР 50001-2012 СТ энергоменеджментіне сәйкестікке жүргізілетін ішкі аудиттер жоғарғы басшылықпен келісіліп, бекітілген ішкі аудиттерді жүргізу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 

Қоршаған орта менеджментінің стандарттары 

• ISO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) 2008 жылы енгізілген. Кәсіпорынның «Мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және сақтау» саласында экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестігіне сертификаты бар. «AFNOR Certification» халықаралық компаниясы берген сертификатының №2008/32179.2. Сертификат 2017 жылғы 3 қыркүйекке дейін жарамды.  

CertificatePKOP

Бүгінгі таңда барлық өндірістік процестердің экологиялық аспектілері сәйкестендірілген, тәуекелдер (қауіптер) бағаланып, алдын алу шаралары анықталған. Жабдықтар нормативті жұмыс режимінен ауытқыған жағдайда экологиялық қауіптілік деңгейі бойынша реттеліп бөлінген. Шикізат құрамындағы анағұрлым экологиялық қауіпті заттардың ағынмен кіру мөлшері, сондай-ақ технологиялық процестерге арналған реагенттер мөлшері бақыланады. 


Компанияда қоршаған ортаға (атмосфералық ауаға, су және жер ресурстарына, өсімдіктерге, қар бетіне, радиациялық жағдай) шығарылатын ластағыш заттардың эмиссиясына және табиғи орта жағдайына бақылау жүргізу (мониторинг) жүйесі жұмыс істейді. Аспаппен бақылауды зауыттың су-ауаны бақылау және реагенттер зертханасы жүргізеді. Бұл жүйенің тиімділігі ауытқулардың алдын алу бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді. 


Менеджмент жүйесінің тиімділігіне тоқсан сайын және ішкі, сыртқы аудиттер кезінде, сондай-ақ жоғары басшылық тарапынан жыл сайынғы талдау кезінде тексеру жүргізіледі. Жаңа міндеттер анықталып, менеджмент жүйесін тұрақты жетілдіру жоспарлануда. Компанияда біріктірілген сапа менеджменті жүйесі, біріктірілген экология менеджменті жүйесі, біріктірілген энергоменеджмент жүйесі және біріктірілген еңбекті қорғау жүйесі енгізілген.       




← Жаңалықтар бетіне қайту