ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : «ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» АЛТЫН ЖҮРЕГІ
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» АЛТЫН ЖҮРЕГІ
17 қараша 2015 ж.
«ПЕТРОҚАЗАҚСТАННЫҢ» АЛТЫН ЖҮРЕГІ

Үстіміздегі жылы 27 қазанда Алматы қаласында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» IX Ұлттық қоғамдық сыйлықтың иегерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімі болды.

«Алтын жүрек» Ұлттық қоғамдық сыйлығы коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағында қайырымдылық  бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін беріледі.  Сыйлықтың ұйымдастырушысы – «Бауыржан» ҚҚ (директоры - Жұлдыз Омарбекова ).

«Алтын жүрек» қоғамдық сыйлығы төмендегі номинациялар бойынша  беріледі: «Жетім балаларға көмектескені үшін», «Білім саласына қолдау көрсеткені үшін», «Мүгедектерге қамқорлық танытқаны үшін», «Спортты қолдап, дамытқаны үшін», «Ардагерлерге қамқорлық танытқаны үшін», «Жыл Меценаты», «Ақпараттық қайырымгер», «Жыл қайырымгері», «Жылды ұйымдастыру», «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» және  «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін».    

Қазылық ететін сараптамалық және қоғамдық кеңестің құрамына белгілі БАҚ, саясат және мәдениет өкілдері кірді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы аталмыш қоғамдық сыйлықтың «Жетім балаларға көмектескені үшін» номинациясына  қатысуға өтініш беріп, сарапшылар алқасына «Ата-ананың қарауынсыз қалған 65 жетім балаға арналған «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылын тұрғызу» жобасын ұсынды. Жоба Қызылорда облысының 2014 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында Қызылорда облысының Әкімдігі, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Көлжан» ЖШС және «ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» компаниясы филиалының өзара ынтымақтастығы туралы Меморандум аясында жүзеге асырылды. Аталмыш жобаны іске асыруға «ПҚҚР» АҚ 3,0 млн АҚШ долл. бөлсе, «Көлжан» ЖШС балалар ауылын материалдық-техникалық жарақтандыруға 550,0 мың АҚШ долл. аударды. 

2015жылдың маусым айында балалар үйінің 3 жастан 18 жасқа дейінгі 65 тәрбиеленушісі «SOS-Kinderdorf» жобасы аясында пайдалануға берілген «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына қоныстанды. Балалар ауылы екіқабатты 8 тұрғын үйден және бір әкімшілік ғимараттан  құралған. Әрбір үйде 7-10 баладан тұрады. Мұнда балалар отбасылық құрам үлгісі бойынша тәрбиеленеді, яғни әр отбасының жанға жылу беретін  өз анасы бар.
«ПҚҚР» АҚ-нан басқа «Жетім балаларға көмектескені үшін» номинациясына 18 жеке және заңды тұлғалар ұсынылды. Бірақ олардың арасынан үшеуі ғана «Алтын жүрек» Сыйлығының номинанты ретінде жарияланды. Олар - Қабылбаев Мұрат, (Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Кенесары ауылы), Есенжолов Арман (Павлодар қ.) және  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (Қызылорда қ.).

Мейірімділікті бейнелейтін жүрек түріндегі мүсінше - «Жетім балаларға көмектескені үшін» сыйлығы Ақмола облысындағы Кенесары ауылының тұрғыны, өз  отбасында өсіріп, тәрбиелеп отырған 11 баланың тоғызын балалар үйінен асырап алған Қабылбаев Мұратқа табыс етілді.  Мұрат балалар үйінен алуға ешкім ықылас танытпаған бұл балаларды өз қамқорлығына алуға ұйғарым жасаған. Балалардың ішінде ересектері де немесе сол жерде өзінен басқа аға-апасы  бар  сәбилер де бар еді.

Біздің компания -  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ номинант дипломымен марапатталды. 

Қазақстанда «Алтын Жүрек» сыйлығы – қайырымдылық саласындағы ең беделді марапат.  Алайда «ПетроҚазақстан» үшін атақ-даңқ маңызды емес, маңыздылығы -  жасалған қайырымдылықтың қоғамға тиімді және пайдалы болғаны. Егер мұнайшы қауымның игі істері әсіресе балаларға, мүгедектерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен жандарға өз пайдасын тигізетін болса, онда осы үшін берілген марапат одан әрі жемісті еңбек пен қайырымды іс жасауға жетелейтін мықты күш болары сөзсіз.



← Жаңалықтар бетіне қайту