ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
08 қыркүйек 2016 ж.
Бүгінге дейін 80 млн тоннаға жуық мұнай өндірілген Құмкөл кенішіне алғаш рет осыдан 30 жыл бұрын тыңнан түрен салынған болатын. Айтулы датаны атап өту мақсатында және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында мерекелік шара өтті. Оған ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев арнайы қатысып, энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың құттықтауын жеткізді.

Жиында алғаш болып сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:

“Қос тойың қабат болсын” дегендей, биылғы жылы бұл кәсіби мерекені тойлау – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық және Құмкөл кенішін игерудің 30 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келіп отыр. Құмкөл кенішінің ашылуы Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады. Мұнай өндіру – облыс экономикасы тайқазанының негізгі бөлігін толтырып отырған сала. Бүгінгі күні облыс аумағында қара алтын өндірумен 49 кеніште 23 компания айналысады. Облыстың мұнай компаниялары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы міндеттерді шешуге белсенділікпен атсалысып келеді,-деді.

Салтанатты жиын мұнан соң мұнай-газ саласы ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттаумен жалғасты. Аймақ басшысы, энергетика вице-министрі, СНПС Қазақстан Бас директорының бірінші орынбасары Шао Минг және “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ Президенті Фан Цзячжун барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтай келе, оларды “мұнай-газ саласына қосқан үлестері” үшін 30 жылдық төсбелгімен марапаттады. Сондай-ақ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді. 

Қуаныш иелерінің мерекесіне орай облыс өнерпаздарымен қатар ҚР эстрада әншілері Төреғали Төрәлі мен Димаш Құдайбергеновтер арнайы шақыртылып, әннен шашу шашылды.

1_12





← Жаңалықтар бетіне қайту