ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Мұнайшылар марапатталды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Мұнайшылар марапатталды
10 қазан 2016 ж.
«ПетроҚазақстан  Ойл  Продактс» ЖШС ұжымы жыл сайын жұмысшылар арасында спорттан жарыс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Биылғы жылы өткен спорттық жарысқа өндіріс орнынан 300-ге жуық жұмысшы қатысты. Әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары болды. Баскетбол, волейбол, мини футбол, шахмат, бильярд, теннистен өткен бәйге өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапаттау шарасы өтті. 

Іс-шара барасында серіктестіктің өндіріс бойынша   вице-президенті Ван Лицзюн құттықтау сөзін жеткізді. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы, дені сау адамның көңілі көтеріңкі болып, еңбекке құлшына араласатындығын атап өтті. Сондай-ақ, басшы жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. АПВ және УП директоры Г. Әшірбаева да жеңімпаздарға ыстық ықыласымен, игі тілектерін айтты. 
Сонымен:
Мини футболдан 
І орынды – ЛК-6у цехының командалары жеңіп алды. 

Баскетболдан: 
І орынды зауыт басқармасы жеңімпаз деп танылды.

Волейболдан:
І орын - еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінінің командаларына бұйырды.

Шахматтан:  
І орын – бу ауамен қамтамасыз ету (қазақшасы) командаларына берілді.

Теннистен: 
І орынды – автоматика және құрылғыларды бақылау-өлшеу цехының командасы алды. 

Бильярдтан: 
І орынды – ЛК-6у цехынан қызыметкер иеленді. 

Салауатты өсір салтын насихаттап, спорттық жарыста белсенділк танытқан Марат Аримкулов, Василий Миронов, Райымбек Елеуов, Абай Қаныбеков, Шаяхмет Ишанкулов, Мақсат Абдикулов, талғат Қайырбеков, Құрал Тұрдалин, Равшан Сафаметов, Виктор Кондратенко, Бекен Бекаулов, Нұржан Кубанов, Сауле Сейткулова, Светлана Колшараева да марапатталады. 
Ал, цехтар арасында спартакиадада алты спорт түрі арасында Грамота мен Құрмет кубОгы үшін бас жүлдені ЛК-6у,   екінші орынды - еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаменті, үшінші орынды – тауар-тарнспорт цехы иеленді. 



← Жаңалықтар бетіне қайту