ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Мұнайшылар спартакиадасы өтті
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Мұнайшылар спартакиадасы өтті
01 желтоқсан 2016 ж.
Биыл егемендік алғанымызға ширек ғасыр толып отыр. Тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, ел дамуының жарқын көрінісі осы уақыт аралығында айқын байқалады. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында айтылғандай, ел ертеңі - дені сау халық. Тәуелсіздік тойы қарсаңында петроқазақстандықтар спорттық шаралар легін бастап кетті.
Жақында «ПетроҚазақстан» компаниялары  тобының бөлімшелері саналатын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент), «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС және «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ командалары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Құмкөл кенішін өнеркәсіптік игерудің 30 жылдығына арналған дәстүрлі VІ «ПетроҚазақстан – 2016» спартакиадасы өтті. Жарысқа қатысушылар спорттың 5 түрінен бақ сынасты. Спорттық шараның ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегі «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Цинь Хунвэйге берілді.

- Мінеки, бүгін «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде мұнайшылардың  арасында дәстүрге айналған алтыншы рет спартакиада өтіп жатыр. Мұнайшылар тек қана мұнаймен айналыспайды. Олар да салауатты өмір салтын ұстанады. Сондай-ақ, компания қызметкерлері өзге де ауқымды жарыстарға үнемі қатысып тұрады. Бүгінгі спартакиадаға қатысушы командаларға жеңіс тілеймін!, - деді басқарма төрағасы Цинь Хунвэй.

Бірнеше сағатқа созылған спорттық шараның қорытындысы бойынша үздік үштікті «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС түйіндеді. Жүлделі екінші орынды «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС құрама командасы еншілесе, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ командасы көш бастады.

Әрине, Сыр елі - мұнай кен орындарының арқасында қанатын кеңге жайып, қарыштап дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Осы орайда, ұйымдастырушылар спартакиаданың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Untitled

2_4

3_1



← Жаңалықтар бетіне қайту