ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Мұнайшылар – балаларға
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Мұнайшылар – балаларға
10 маусым 2009 ж.

Кызылординские вести (Қызылорда), № 88 (16771), 00.06.2009 жыл

Мұнайшылар – балаларға (Пайзуллахон Айыпқызы)

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының тұрақты қамқорлығының нысанасы жетім балалар мен тұрмысы нашар отбасылардың балалары болып табылады. Мысалы, Қызылорданың 190 жылдығын тойлау қарсаңында жетім балалар мен тұрмысы нашар отбасылардың балалары үшін (олардың ұзын саны 150 адам) Астана қаласына экскурсия ұйымдастырылды, ол үшін оқу қорының бюджетінен 4,5 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ тұрмыс жағдайы нашар отбасылардан 50 бала, жетім балалар үшін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Ақсу-Жабағылы» және «Бәйшешек» жазғы демалыс лагерьлеріне жолдамалар бөлінді.

Ал «Сырдария» лагерінде бүкіл жазғы маусым бойы компанияның қолдауымен 750 адам демалады, олардың ішінде 311 бала тұрмыс жағдайы нашар отбасылардан және жетім балалар. Жазғы маусымды салтанатты ашу рәсімі кезінде балалар мен барлық меймандарды «Петро- Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының вице-президенті Чэнь Даю құттықтады. Ол баршаға денсаулық, шаттық және жайлы демалыс тіледі.

Биыл мұнайшылар Сыр өңірінің балаларына өздерінің үлкен сүйіспеншілігін көрсетіп, Халықаралық балаларды қорғау күні қалалық саябақта ұйымдастырылған конкурстарға қатысысқандардың барлығына 1000-нан астам арнайы сыйлық, жұмсақ ойыншық сыйға тартылды. ПетроҚазақстандықтар тәтті-дәмді туралы да ұмытпапты. Мұнда демалуға келген барша балаға, сондай-ақ екінші ықшамауданда тұратын және үйдің жанында аквапаркте асыр салмақ болған балаларға бір-бір балмұздақтан тиді. Өздерінің мерекесінде 7000 балақай бір-бір тегін тәтті балмұздақ жеді.

Ал жуырда ПетроҚазақстандықтар Қазалы ауданында «Шапағат» сауықтыру орталығындағы өздері қамқорлығына алған балаларға барып қайтты. Осы мұнай компаниясының жұмыскерлері баяғыдан бері жақын туыстай болып кеткен. Орталық 10 жылдам астам уақыт жұмыс істеп келеді. Мұнда 40-тан астам бала тәрбиеленуде, олардың біразы кішкентай кезінен арбашаларға маталған, ал оңалту бойынша емдеу курсынан өтетін кейбір балалар қайырымды мұнайшылардың жылы көңілін және жасаған жақсы жағдайларын көптен бері біледі. Орталық түгелдей «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қаражаты арқылы қаржыландырылады.

Содан кейін мұнайшылар Жаңақорған ауданының «Балдәурен» балабақшасына аттанды. Сол күні «Шағала» дайындық тобының түлектері алты жылға жуық барып жүрген балабақшамен қош айтысты. Мұндағы ұлдар мен қыздар өздерінің айнымас демеушісін ерекше қуанышпен қарсы алды. Ауқымды концерттік бағдарлама көрсетті.

Айсара Машбекқызы Нәлібаева балабақша меңгерушісі болып отыз жылдан астам жұмыс істеп келеді. Ол өзінің өмірін балалардың шат-шадыман күлкісінсіз елестете алмайды. Және өзіне сеніп тапсырылған мекеменің қабырғасынан шыққан балалардың әр тобы оған қымбат, сондықтан да жүрегін сыздататын мұңға айналады, бірақ амал жоқ, сәбилерге әрі қарай ересек өмірге аяқ басу керек.

Биыл «Балдәуренге» 180 балақай қатынайды. Негізінен, олар тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары мен жетім балалар. Айта кететін жайт, «Балдәуреннің» түлектерін білім беру мектебінде де, сондай-ақ спорттық бейіндегі мектептерде де қуана қарсы алады, өйткені олар мұнда жақсы дайындықпен келеді. Мұнда басшының және, әлбетте, тәрбиешілердің еңбегі зор.

Балдәурендіктердің мұнайшылармен достасқанына сегіз жылдан асты. Үстіміздегі жылы «Балдәуреннің» 32 түлегі бірінші сыныптың табалдырығын аттайын деп тұр. Дәстүр бойынша мұнайшылар кішкентай түлектерді құттықтауға келді, барлық болашақ бірінші сыныптың шәкірттеріне олар оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін, ойыншықтар сыйлады.

Мерекеде және кездесулер барысында аудандардың тұрғындары, бүлдіршіндердің ата-аналары өз демеушілері «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына балаларға деген көңілі, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін шынайы ризашылық сөздерін айтып жатты.



← Жаңалықтар бетіне қайту