ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Балаларға автобус тарту етті
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Балаларға автобус тарту етті
31 мамыр 2008 ж.
Балаларға автобус тарту етті «ПетроҚазақстан» компаниясы қайырымдылық аясында өнер, мәдениет және спорт саласындағы дарынды балалардың біліктілігін жетілдіруге барынша қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, компания А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіне тұрақты демеушілік жасайды. Ал, ондағы оқушылардың 60%-дан астамы әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасыларының балалары. Жуырда компанияның қолдауымен дарынды суретші Анар Әбжанова Жапонияның Токио қаласында өткен суретшілердің халықаралық көрмесіне қатысып, өзінің өмірге деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде дүйім жұртшылықты мойындатып келді.


«ПетроҚазақстан» компаниясы тұрақты қамқорлығына алған ұжымның бірі Сайрам ауданындағы №4 мектеп-интернатына жаңа автобусты сыйға тартты. Бүгінгде аталмыш мектеп-интернатында 15 ұлттың өкілі, жалпы 170 бала тәрбиеленуде.


Жеңісбек Серікұлы

← Жаңалықтар бетіне қайту