ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : «Балаларға қуаныш сыйлаған»
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«Балаларға қуаныш сыйлаған»
09 маусым 2008 ж.
Мұнайшылардың аудандарға барып, қайырымдылық шараларын өткізуі жақсы дәстүрге айналып та үлгерді. Жақында олар ауыл тұрғындарын өздерінің игі істерімен қуантты. Әуелі олар Арал ауданында дене мүмкіндіктері шектеулі қыз балалардың арасында өткен «Теңіз аруы – 2008» конкурсына ат салысты.


Мұнайшылар Қазалы ауданындағы «Шапағат» сауықтыру орталығында да болып қайтты, бұл орталықты түгелдей компания қаржыландырады. Орталық 10 жылдам астам уақыт жұмыс істеп келеді. Мұнда 3-14 жас аралығындағы 40 бала емделеді. Орталықта балаларды емдеу мен сауықтыру үшін барлық жағдайлар жасалған.


«ПетроҚазақстандықтар» осы жолы кішкентайлардың өздері дайындаған «Біз – өмірдің гүліміз» деген тақырыптағы мерекелік шараның куәгері болды.


(Пайзуллахон Айыпқызы)

← Жаңалықтар бетіне қайту