ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Көңілдерге үміт сенімін ұялатқан қайырымдылық шарасы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Көңілдерге үміт сенімін ұялатқан қайырымдылық шарасы
13 наурыз 2012 ж.

Көктемгі Наурыз мейрамының қарсаңында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы азық-түлік қоржындарын тарату бойынша дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізді. Азық-түлік қоржындары әдеттегідей кірістері орташа табыстан төмен отбастарына, көп балалы аналарға, мүгедектерге және басқаларға берілді.

 

Компанияның өкілі Ермекбай Шаймаханов айтып өткендей, әлеуметтік жауапты «ПетроҚазақстан» компаниясы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып келеді. Компания балаларға, көп балалы отбастарына, соғыс және еңбек ардагерлеріне қол ұшын бере отырып, әлеуметтік саланы ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

 

Компания мұндай акция өткізуді он жыл бойына тоқтатқан емес.

 

Осы жылдың наурыз айындағы акцияда Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының және Қызылорда қаласының барлығы 250 аз қамтамасыз етілген тұрғындары қамтылды.

 

Азық-түлік қоржындарына 25 кг ұн, 25 кг күріш, 25 кг қант, 2 кг үнді шайы, 5 литр өсімдік майы, 10 кг макарон өнімдері салынған.

 

Азық-түлік тиелген КамАЗ көлігі тоқтаған елдімекендердің алғашқысы Тереңөзек кенті болды.

 

Азық-түлік қоржындарының алғашқысы зейнеткер Әсия Мәсіловаға табысталды. Айта кетсек, ол кісінің отбасында сорына қарай үлкен бақытсыздық жағдай орын алған екен, үйі өртеніп кеткен. Ақпанның соңында Әсия апа үйінен зейнетақы алуға шығады, сөйтіп кезекке тұрған уақытта үйіндегі пештен ақау шығып, үйі отқа оранған. Ешқандай мүлкін жалыннан арашалап қала алмаған. Үйі сау-тамтығы қалмай жанып кеткен, тек шошайған қабырғалары ғана қалған. Бір қуанарлығы, сол сәтте үйінде ешкім болмаған. Бүгінгі таңда кейуананы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қаралуда, шешімін тауып та қалар.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Серік Нұртазаевтың айтуынша, аудан бойынша 37 аз қамтамасыз етілген отбасы есепке алынған.

 

«ПҚҚР» компаниясы ұйымдастырып отырған аталмыш акция, оның барша қауым үшін маңызы зор жаңару мерекесі қарсаңында өткізілуін айтпағанда, аудан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің тек бір бөлігін ғана шешуге мүмкіндік береді.

 

Компания өкілдері Жалағаш ауданына ат басын тіреген кезде қар жауып, суық жел есіп тұрды.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Шайкүл Қалтаева туберкулез дертіне шалдыққан 8 отбасының есепте алынғанын айтып өтті. Сондай-ақ, кіріс көлемі орташа табыс деңгейінен төмен отбастары мен басқа да әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобының бар екенін тілге тиек етті.

 

Салмақты азық-түлік қоржынын бірінші болып алған Қатира Өтебаева 10 баланың анасы болып шықты. Өкінішке орай, балаларының біреуі 1-топ мүгедегі екен. «ПетроҚазақстан» тарапынан көрсетілген көмек оның отбасылық бюджетіне түсетін жүктемені әжептәуір жеңілдететіні анық.

Жосалы кентіндегі алғаш болып қуанышқа бөленген 7 баланың анасы Зейнеп Ысмағұлова мұнай компаниясына Наурыз мейрамы қарсаңындағы сыйлықтары үшін ыстық лебізін білдірді. Айта кетсек, мұнайшылардың жомарттығы дегендей жасалған сый-сияпат болды.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Құрманғали Мүсіркегенов «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының көп жылдар бойына түрлі жәрдем жасап келе жатқанын және ауданның белсенді әлеуметтік жауапты серіктесі болып табылатынын атап өтті. Бұл күрмеуі шешілмеген басқа мәселелерді іске асыруға жұмсалатын қаражатты үнемдеп, отбасылық және мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтуға және әлеуметтік жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдан бастап компания осындай азық-түлік қоржындарын компанияда бұрын жұмыс істеген зейнеткерлер мен мүгедектерге де тарата бастады.

 

Махмуд БАЙХОДЖАЕВ

Фото Андрей ТАЙГУНОВТІКІ



← Жаңалықтар бетіне қайту