ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Қармағыма ілін, балық….
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Қармағыма ілін, балық….
04 наурыз 2012 ж.

Наурыздың алғашқы күнтізбелік демалыс күндерін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсис» АҚ қызметкерлері өзгеше өткізді. «ПетроҚазақстанның» құмарпаз балықшыларын, тіпті, қызылорда ауа райының құбылуы да үркітпегенін елестетіп көріңізіші. Басталу күні, дәлірек айтқанда түні, аспан әлемі көктемді ағыл-тегіл жаңбырмен қарсы алды. Сонымен бірге – еріген қардың үстіне. Осыған қарамастан, мұз асты балық аулаудың марапатына ие болу үшін компанияның елу (!) қызметкері тартысқа шықты.
Қысқы балық аулау орнына Жамбыл атындағы ауылдың аймағында орналасқан Желімтай деген шағын көл таңдалды. Жарыстың қатысушылары әр команда үш балықшыдан тұратын 15 команда құрды. Командалардың аттары да өзгеше болды - «НАО қалтқылары», «БигФишТим», «Тригада», «Матрица», «Нептун», «Рыба-Меч-2012», «АқБекЖан», «Арысқұм ЦППН»…
Табиғатта нашар ауа райы болмайды, бүгін мұз асты балық аулаудың барлық қатысушылары осыны дәлелдеп берді. Мақсаттарға ең ептілер, ынталылар әрі батылдар жетеді. Осындай демалу жаңа жеңістерге жету жолында және жұмыста жаңа қуат беретініне мен сенімдімін.


Әлібек БАЙШУЛЕНОВ



← Жаңалықтар бетіне қайту