ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Бір үлкен тату отбасы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Бір үлкен тату отбасы
01 сәуір 2012 ж.

№ 65 мектеп-гимназияда осы көктемгі наурыз күндері тып-тыныш. Мектеп қоңырауы сыңғырламайды. Демалыстың нағыз қызған кезі екен ғой! Бірақ жақын арада, демалыс аяқталғаннан кейін, ғылымды түсіну және өнермен айналысу үшін оқушылар сыныптарға қайта оралады. Гимназия эстетикалық бейімделген мектеп болғандықтан, осы жерде дарындардың дамуына, жан жақты дарындарға ерекше көңіл бөледі. Гимназия шәкірттері екі он жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық конкурстарда олар «үздікке» ән айта алатынын, би билейтінін, тігін тігетінін, шеберлік істейтінін көрнекі көрсетуде. Оқушылардың жан-жақты дамуының ерекше бағыты – спортпен шұғылдану. Жас дарындар өздерін көрсету үшін еңбек сүйгіштік, ықылас және.... материалдық-техникалық база қажет.

 


- № 65 мектеп-гимназия 1992 жылы ашылды, - деп, № 65 мектеп-гимназияның директоры  Қатира Қадырбаева баяндайды. – Сол кездегі уақыттың қиын болғанына келісесіз ғой! Ең керек нәрселер жетпеді, ал компьютерлердің бар екендігі туралы біз күңгірт түсінікте болдық. Тіпті, сол кезде біз күндердің күнінде толық компьютерлік сыныптардың, интерактивті тақтаның пайда болатыны туралы армандаған да жоқпыз. Оқу ғимараты қарапайымдырақ заттарды – үстелдерді, парталарды, еңбек кабинетіне арналған жабдықты, спорт керек-жарағын қажет етті. Дәл осындай қиын сәтте біздің гимназия түлектеріміздің мұнай өндіретін зауыттың жұмысшалары – сенімді достары пайда болғаны өте маңызды. Содан бері жиырма жыл да өтті және біздің олармен достығымыз жәй достық шекарасынан әлдеқашан өтіп кетті, біз – туыспыз. Осындай берік әрі үлкен отбасымыз. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің әр түрлі жылдары көрсеткен демеушілік көмегінің арқасында кабинеттердің жартысында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Зауыттың басшылығымен бөлінген қаражаттың есебінен жақында еңбек кабинетін және мұражайды жөндеп алдық. Жалпы айтқанда, біздің мектебімізді одан да  жайлы, әдемі әрі заманауи еткен «ПҚОП» ЖШС-нің барлық жомарт істерін атап шығу қиын. 

 

Осы жылы да Наурызда зауыттың басшылығы қамқорлығындағыларға барлық тарапынан алып қарағанда өте керек сыйлықты – еңбек кабинетіне арналған жабдықты – көптеген функциялары бар заманауи тігін машиналары мен оверлокты сыйға тартты. Сонымен қатар, қолданыстағы сыныптық интерактивті тақтаға қосымша мектеп акт залы енді фильмдерді, оқу бағдарламаларын үлкен экранда көрсету үшін проекторы бар жеке компьютерге ие болды.

 


Жалпы алғанда, өзара қолдау көрсетудің жемістерін айтпаса түсінікті. Зауыт жұмысшылары келешек ұрпақтың білім алатынын, өз дарындарын заманауи жағдаларда дамытатынын, ал оқушылар – өздерінің осындай жомарт достарының бар екендігін мақтан тұтады.

 

 /И. Ставринаки/



← Жаңалықтар бетіне қайту