ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
09 қазан 2018 ж.

«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

2018 ж. 09 қазандағы № 115/1 шешім.


1. Қоғамның 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айындағы аудиттелген қаржылық есептілігі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "ПҚҚР" АҚ-ның 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акцияcына 2018 жылға акцияның номиналды құнының (орналастыру құнының) 50 (елу) пайызы немесе бір акцияға шаққанда 10 (он) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 105 000 000,00 (бір жүз бес миллион) теңгені құрайтын дивидендтердің тиянақталған (кепілдік берілген) пайызы 2018 жылғы 29 қазанда мерзімінен бұрын төленсін.
3. Қоғамның 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айының қорытындылары бойынша таза табысын бөлу тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Қоғамның акцияларына 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айының қорытындылары бойынша дивидендтер есептелініп, төленсін: 
4.1. Қоғамның 89 500 000 (сексен тоғыз миллион бес жүз мың) жай акциясына 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айының қорытындылары бойынша бір акцияға шаққанда 180 (бір жүз сексен) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 16 110 000 000,00 (он алты миллиард бір жүз он миллион) теңгені құрайтын дивидендтер есептелініп, төленсін;
4.2. Заңның 24.1-бабының талабына сәйкес Қоғамның 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) артықшылықты акциясына 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айының қорытындылары бойынша бір артықшылықты акцияға шаққанда 170 (бір жүз жетпіс) теңге мөлшерінде жалпы сомасы 1 785 000 000,00 (бір миллиард жеті жүз сексен бес миллион) теңгені құрайтын дивидендтер қосымша есептелсін.
5. Қоғамның артықшылықты және жай акцияларына 2018 жылдың 30 маусымда аяқталған 6 айының қорытындылары бойынша дивидендтерді, соның ішінде кепілдік берілген дивидендтерді төлеу 2018 жылдың 29 қазанынан басталсын.
6. Дивидендтерді алу құқығына ие Қоғам акционерлерінің тізімі 2018 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша жасалсын.
7. Дивидендтерді төлеу таза табыстың есебінен табыс салығын шегере отырып, акционердің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүргізілсін.
8. Заңның 23.2-бабының талабына сәйкес Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім шешімнің қабылданған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде "Казахстанская правда" газетінде жариялансын.
9. Заңның 24.3-бабының талабына сәйкес Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім дивидендтерді төлеу мерзімі басталар алдындағы 5 жұмыс күні ішінде "Казахстанская правда" газетінде жариялансын.



← Жаңалықтар бетіне қайту