ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат
08 қараша 2018 ж.

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:


«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2018 жылғы 08 қарашадағы №15/2 хаттама:

 

1) Вэй Юйсян мырзаның Қоғам президенті, Басқармасының мүшесі ретіндегі өкілеттіктері 2018 жылғы 11 қарашада тоқтатылсын.
2) Хуан Сяньсюн мырза 2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қоғамның президенті, Басқарма мүшесі болып сайлансын және жалпы алғанда оның өкілеттік мерзімінің басқарманың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатындығы айқындалсын; Қоғамның президенті, басқарма мүшесі Хуан Сяньсюн мырзаның лауазымдық айлықақысы онымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған еңбек шартына сәйкес белгіленсін; Қоғамның президенті Хуан Сяньсюн мырзаға өзге компаниялар мен ұйымдардағы лауазымдарды қоса атқаруға рұқсат берілсін.
3) Вэй Юйсян мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақылар мәселелерін, әлеуметтік  және өзге де мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит мәселелерін қарайтын Кеңес комитеттерінің құрамынан шығарылсын;            Қоғамның президенті Хуан Сяньсюн мырза стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақылар мәселелерін, әлеуметтік  және өзге де мәселелерді, сондай-ақ ішкі аудит  мәселелерін қарайтын Кеңес комитеттерінің мүшесі болып сайлансын және оның өкілеттік мерзімінің Кеңес комитеттерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатындығы айқындалсын.



← Жаңалықтар бетіне қайту