ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : «ПҚҚР» ААҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандыру.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПҚҚР» ААҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандыру.
29 шілде 2019 ж.
«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 01 маусымдағы №11/2 хаттамасымен бекітілген «ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жария ету қағидаларына сәйкес Қоғам акционерлерінің назарына жеткізіледі.

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда: 
  1. Қоғам мен “CNLC International Kazakhstan Inc.” («КНЛК Интернешнл Қазақстан Инк.») ЖШС арасында №337 келісімшарттық аумақтағы электронды каротаж қызметтеріне жасалған №1806150 шартқа   №2 қосымша келісім, негізгі шарттың қолданыс мерзімі 2018 жылғы 20 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін («№1 мәміле»); 
  2. Қоғам мен “CNLC International Kazakhstan Inc.” («КНЛК Интернешнл Қазақстан Инк.») ЖШС арасында көрсетілетін қызметтерге жасалған №1812015 шартқа   №2 қосымша келісім, негізгі шарттың қолданыс мерзімі 2018 жылғы 07 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Көрсетілетін қызметтер мыналарды білдіреді: №278 келісімшарттық аумақтағы газ-мұнай байқалымдарына (газ каротажы) және мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау процесінде бұрғылау параметрлеріне мониторинг жүргізу, бұрғылау алаңындағы бұрғылау шламын жинау және сақтау және оларды Қоғамға тапсыру («№2 мәміле»); 
  3. Қоғам мен «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС арасында   «толық аяқтап» бұрғылауға №1906030 негізгі шарт, шарттың қолданыс мерзімі 2019 жылғы 13 маусымнан бастап 36 ай бойына («№3 мәміле») жасасу туралы шешім қабылдады, 2019 жылғы 29 шілдедегі № 3/3 хаттама.

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 122/3 шешімімен мақұлданды.


← Жаңалықтар бетіне қайту