ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : «ПҚҚР» ААҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандыру, 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 4/1 хаттама
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПҚҚР» ААҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпараттандыру, 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 4/1 хаттама
13 қыркүйек 2019 ж.
«ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 ж. 01 маусымдағы №11/2 хаттамасымен бекітілген «ПҚҚР» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпаратты жария ету қағидаларына сәйкес Қоғам акционерлерінің назарына жеткізіледі.

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі Қоғамның жасалуында мүдделілік бар мәмілелер, атап айтқанда: 

  1. Қоғам мен “CNLC International Kazakhstan Inc.” («КНЛК Интернешнл Қазақстан Инк.») ЖШС арасында Қызылқия кенішіндегі келешегі зор аймақтарды игеру, бағалау және жете барлау тиімділігін арттыру қызметтеріне №1908042 шарт, шарттың қолданыс мерзімі 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қол қойылған сәттен 12 (он екі) айға дейін («№1 мәміле»); 
  2. Қоғам мен “CNLC International Kazakhstan Inc.” («КНЛК Интернешнл Қазақстан Инк.») ЖШС арасында Қоғамның көптеген пайдалану объектілері бар кеніштерін игеру жобасын кешенді түзету бойынша зерттеу жүргізуге және жақын маңдағы учаскелердегі шоғырларды табудың келешегін бағалау қызметтеріне №1908043 шарт, шарттың қолданыс мерзімі 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қол қойылған сәттен 12 (он екі) айға дейін («№2 мәміле»); 
  3. Қоғам мен “CNLC International Kazakhstan Inc.” («КНЛК Интернешнл Қазақстан Инк.») ЖШС арасында Қоғамның сулылығы жоғары және өндіру коэффициенті жоғары кеніштеріндегі мұнай қайтарымын арттыру әдісін қолдану арқылы сынамалау шараларын зерттеу қызметтеріне №1908044 шарт, шарттың қолданыс мерзімі 2019 жылғы 13 тамыздан бастап қол қойылған сәттен 12 (он екі) айға дейін («№3 мәміле»);
  4. Қоғам мен “БИДЖИПИ Геофизикалық қызметтер (Қазақстан)” ЖШС арасында №1928 блоктың (100 км2) батыс бөлігінде жиынтықтауға дейін біріктірілген 3Д деректерін өңдеу және тұжырымдау қызметтеріне №1908035 шарт, шарттың қолданыс мерзімі 2019 жылғы 16 тамыздан бастап қол қойылған сәттен 12 (он екі) айға дейін («№4 мәміле») жасасу туралы шешім қабылдады, 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 4/1 хаттама.

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесінің аталған шешімі Қоғамның дара акционерінің, дауыс беретін акциялары иесінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 123/1 шешімімен мақұлданды.



← Жаңалықтар бетіне қайту