ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауыты 2016 жылғы мұнай өңдеу жоспарын асыра орындады.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауыты 2016 жылғы мұнай өңдеу жоспарын асыра орындады.
11 қаңтар 2017 ж.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 2016 жылы 4 444 623 тонна мұнай өңдеуді жоспарлаған, іс жүзінде 4 501 467 тонна мұнай өңдеп, жоспарды 101,28%-ға артығымен орындады. Салыстыру үшін 2015 жылы «ПКОП» ЖШС 4 493 312 тонна шикі мұнай өңдеген. 

2016 жылы 1 032 015 тонна автобензин шығарылды, яғни жоспар 103,26%-ға артық орындалды (2015 жылы – 987 964 тонна бензин шығарылған), 1 203 445 тонна дизель отыны шығарылды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 101,16%-ға артық (2015 жылы – 1 192 445 тонна дизель отыны шығарылған). 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 2016 жылы шығаратын мөлдір мұнай өнімдерін көбейту үшін өндірістік процестердің тиімділігін жоғарылатты. Қазіргі уақытта зауытта негізгі өндірісті тоқтатпастан зауыттың жаңа технологиялық желілерін жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. 












← Жаңалықтар бетіне қайту