ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «ПетроҚазақстан» компаниясы 2016 жылдағы жұмысының нәтижелері туралы хабарлайды.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«ПетроҚазақстан» компаниясы 2016 жылдағы жұмысының нәтижелері туралы хабарлайды.
09 наурыз 2017 ж.

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

2016 жылы «ПетроҚазақстан Инк.»  «БК - «Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» 50% үлесін қоса отырып, 3,747 млн. тонна мұнай өндірді.  Соның ішінде ПҚҚР, Көлжан, ПҚВИ өндірістерінің мұнай өндірісі  2016 жылдың он екі айында 1,943 млн. тоннаны құрады, 2016 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемі 2,045 млн. тоннаны құрады, 50% мұнай өндірісі «Торғай-Петролеумға - 0,321 млн. тонна және  50% мұнай өндірісі «Қазгермұнайға» - 1,450 млн.тонна тиесілі. 2016 жылы ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ өндірістері 3 өндіруші және  19 барлау әрі  бағалау  ұңғымаларымен қоса, 22 жаңа ұңғыманы, ал Қазгермұнай - 16 өндіруші ұңғыманы бұрғылады.   McDaniels тәуелсіз аудитордың есебіне сәйкес P1 санаты бойынша мұнай қорының өсімі ПҚИ тобында жалпы 7,600 млн. баррельді құрады. 

ҚАЙТА ӨҢДЕУ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 2016 жылы жоспардағы 4 444 623 тонна мұнай өндірісін нақты 4 501 467 тонна мұнаймен артығымен орындады, жоспардың орындалуы 101,28% құрады. Өткен жылмен салыстыратын болсақ,  2015 жылы «ПҚОП» ЖШС  4 493 312 тонна шикі мұнай артығымен өндірген болатын. 

1 032015 тонна автобензин өндірілді, яғни жоспардан 103,26% (2015 жылы – 987964 тонна), дизель отыны - 1 203 445 тонна, яғни жоспарлы көрсеткіштен 101,16% (2015 жылы - 1 192 445 тонн) артық. 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС 2016 жылы шығарылатын мөлдір мұнай өнімдерін ұлғайту үшін өндірістік үдерістердің тиімділігін арттырды.  Зауыттың жаңа технологиялық желілерін қайта құру және жаңғырту жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар зауыттың негізгі өндірісін тоқтатпай белсенді жалғасын тауып келе жатқанын баса айту қажет.  

«ПҚОП»  ЖШС-ның «Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңғырту» жобасы   2 кезеңде іске асады:

1-кезең – Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық класты мотор отындарын шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған. 

1-кезең қолданыстағы дизель отынын  гидротазалау қондырғысын қайта жасаудан,  күкірт өндірісі мен изомерлеу қондырғысының құрылыстарынан тұрады. 2015 жылы дизель отынын  гидротазалау қондырғысы қайта жасалды және күкірт өндірісі қондырғысының құрылғысы аяқталды. 

Қазіргі уақытта жалпы зауыт шаруашылығының қосымша нысандарымен бірге изомерлеу қондырғысының құрылысы аяқталу кезеңінде.  

2-кезең – зауыттың қуатын және мұнай өңдеу тереңдігін  жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталған. Бұл кезең технологиялық жоспар бойынша өте күрделі болып табылады және  каталитикалық крекинг қондырғылары кешенінен тұрады, бүгінгі күні осы нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жаңғырту жобасын жүзеге асырудағы соңғы мақсат ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін шығаруға ауысу, өңдеу тереңдігі мен түсті мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту болып табылады.

ҚЕҚОҚ

2016 жылы ҚЕҚОҚ және ҚК корпоративтік департаменті ҚЕҚОҚ тәуекелдерін бағалау бойынша корпоративтік шараларды жаңартты, оған Компанияның өндірістік нысандарының бірінде пилоттық тестілеу жүргізді. «ПетроҚазақстанның» барлық қауіпті өндірістік нысандарында  өртке қарсы аудит жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 16 оң баға берілген қорытынды алынды, бұл Компания нысандарын 3 жылға дейін өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы тексеруден босатады. Қауіпсіздік бойынша тәртіптік аудит (ҚТА) нәтижелеріне есеп жүргізу және талдау жасау үдерісі автоматтандырылды – «ПҚҚР» АҚ ҚТА офф-лайн формасын пайдалана отырып жүргізіледі, соңынан олар тіркеледі және  САП модулында талдау жасалады.

Өткен жылы ықтимал қауіпті жағдайлар, оқыс оқиғалар мен әрекеттер туралы уақтылы хабарлағаны үшін жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы аясында  «ПетроҚазақстан» жұмыскерлерінің 26-сы марапатқа ие болды. 

«ПҚҚР» АҚ «Қорғау» жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар: тәуекелдерді басқару бойынша  кіші комитет құрылды, «ҚТА жүргізу әдістемесі бойынша нұсқаулық» шығарылып, таратылды. Орталық қауіпсіздік комитетінің отырыстары тұрақты түрде өтіп тұрады. ҚЕҚОҚ бойынша айлық барысында «ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» байқауы, өрттен қорғау күні қарсаңында «Өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алу оңай» тақырыбында байқау өткізілді. 

ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің (БЖ) 2016 жылдың қорытындысы бойынша «ПҚОП» ЖШС  ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарына сай деп танылды. ҚЕҚОҚ БЖ жетілдіру мақсатында зауытта ҚЕҚОҚ басқарудың біріктірілген құрылымын енгізу бойынша «Аман» жобасы жүзеге асырылуда.

«ПетроҚазақстанның» барлық нысандары бойынша  парниктік газдарының шығындыларына төлқұжат алынып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. 

«ПҚҚР» АҚ Құмкөл кен орнындағы ҚТҚ полигонын кеңейту және Арысқұм кен орнындағы полигонды электрлендіру бойынша жұмыстар басталды. 30 тонна  радиоактивтілігі әлсіз қалдықтар кәдеге жарату үшін жіберілді. 

2016 жылы «ПҚОП» ЖШС «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайын өтетін республикалық байқауда жеңімпаз атанды – зауыт  «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Зауытта қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығару эмиссиясына мониторинг жүргізу жүйесі жұмыс істейді, ластанған телімдердегі топырақты биологиялық қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мұнай өңдеудің  қайта өңделген қалдықтарын – мұнай шламын, сонымен қатар жанғыш қосылыстарды кәдеге жарату енгізілді. «ПҚОП» ЖШС өңірдегі бизнеске әлеуметтік жауапкершілік бойынша меморандум жасады, соның аясында зауыт жұмыскерлерімен жыл сайын кәсіпорынның санитариялық қорғаныс аймағы  көгалдандырылады.  2016 жылы отырғызылған көшеттердің саны 908 құрады.

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бұрынғыдай  «ПетроҚазақстан» өз қызметінің барлық өңірлерінде көп мақсатты демеушілік бағдарламаларды жүзеге асырады. Компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларға белсенді қатысады, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына, жетім балаларға, ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне, Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, сондай-ақ денсаулық сақтауды, көпшілік спортты, мәдениет пен өнерді дамыту бойынша жобаларға қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларға  ерекше көңіл бөлінеді.

Ұзақ жылдар бойы «ПетроҚазақстан» «ДОМ» ҚҚ серіктесі болып табылады,  мақсаты Қазақстандағы айықпас дертке шалдыққан балалар мәселесіне мемлекет пен жұртшылықтың көңілін аудару, сонымен қатар осындай балаларға шетелде емделу үшін қажетті қаражатты жинауға көмектесу болып табылатын «Хабар» арнасындағы «Балаларға өмір сыйла» бағдарламасының шығуына қолдау көрсетеді. Компания қордың басқа да жобаларына қатысады. Компания Вице-президенті Бақытжан Исенғалиев «ДОМ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады және жұмыс барысында туындаған әртүрлі мәселелерді шешуге белсенді қатысады.  

2011 жылдан бері біз «Бауыржан» қоғамдық қорымен табысты ынтымақтастық қатынаста жұмыс істеп келеміз, өз кезегінде ол «Алтын Жүрек» мерейтойлық ұлттық премиясын ұйымдастырып, өткізді. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жобаның мақсаты  қоғам дамуына қайырымдылық қызметімен шексіз үлес қосып жүрген адамдар мен ұйымдарды анықтау және марапаттау болып табылады. Сонымен, компания рақымшыл тұлғалар мен қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының арасында сұқбат алаңын құра отырып,  елімізде жебеушілікті дамыту мен насихаттауға ықпал етіп келеді. 

«ПетроҚазақстан» КСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова құрған «Халықаралық вокалистер байқауының» тұрақты түрде демеушісі болып табылады.   

Салауатты өмір салтын насихаттау компаниядағы әлеуметтік саясат басымдықтарының бірі болып табылады, сондықтан осы ережелерді енгізу және дамыту  өз ұжымынан басталады. «ПетроҚазақстан» өткізетін жыл сайынғы Спартакиада мұнайшылар арасында кеңінен танымал. Қызылорда қаласында 2016 жылы қараша айында өткен 6-шы корпоративтік Спартакиадаға «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «БК Қазгермұнай» және «CNPC - Ай Дан Мұнай» АҚ 60-тан аса қызметкерлер қатысты. 

2016 жылы  «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС компаниясының  қайта өңдеу бөлімшелері дәстүрлі әлеуметтік жобаларға және қамқорлықтағы ұйымдарға қолдау көрсету, соның ішінде облыстағы спортты дамыту бойынша жобаларға, Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту шараларына қолдау көрсету мақсатында 51 миллион теңге бөлді. 

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өңдеу бөлімшелерінің әлеуметтік жобаларға бөлген қаражаты 151,7 млн.  теңгені құрады. 

ЖЕТІСТІКТЕР МЕН  МАРАПАТТАР

Компанияның өңірлерді дамытуға қосқан үлесі мен ПҚҚР және ПҚОП  қызметкерлерінің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейде аталып жүр.  

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР   Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ  «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, естелік белгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен  ПҚОП-тың 18 қызметкері марапатталды. 

Құмкөл кен орнының өндіріс ретінде игерілуінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге орай ҚР Энергетика министрлігі, KAZENERGY Ассоциациясы, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, CNPC, Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы әкімшілігі, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы  ПҚҚР-дың 147 қызметкерін «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, компания басшылығы  ПҚҚР-дың 66 қызметкерін алғыс хаттармен марапаттады.




← Жаңалықтар бетіне қайту