ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : 14 шілдеде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасының екінші кезеңі аясында көлемі үлкен және ірі тоннажды бірегей жабдық – RFCC каталитикалық крекинг қондырғысының К-1002 ректификациялық ко
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


14 шілдеде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасының екінші кезеңі аясында көлемі үлкен және ірі тоннажды бірегей жабдық – RFCC каталитикалық крекинг қондырғысының К-1002 ректификациялық ко
14 шілде 2017 ж.
14 шілдеде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасының екінші кезеңі аясында көлемі үлкен және ірі тоннажды бірегей жабдық – RFCC каталитикалық крекинг қондырғысының К-1002 ректификациялық колоннасы жемісті орнатылды.  
К-1002 ректификациялық колоннасы – мазутты каталитикалық крекингтеу реакторының ішіндегі жоғары температуралық реакциялардың өнімдері – газ және бензин буларының және дизель отынының қоспаларын бөлу үшін арналған. 

Колоннаның салмағы – 275 тонна, биіктігі – 51 м, диаметрі – 5,4 м, масса алмасу құрылғылары – 40 клапанды табақшалар, колоннаның астындағы температурасы 360℃, жоғарғысы 147℃, колоннаның төменгі  қысымы    2,2 кг/см 2, жоғарғысы 1,9 кг/см2. 
Ректификациялық колоннаны орнату үшін 30-дан астам тәжірибелі монтаждаушы мамандар, жүк көтергіштігі 400 тонналық және 1000 тонналық шынжыр табанды 2 кран тартылып, арнайы жұмыстарды жүргізу жоспары мен қауіпсіздік техникасының (ЖАЖ) жоспары дайындалды. 

Колоннаны жинау (құрастыру), оқшаулау және электрмен жарықтандыру жүйесімен жарақтандыру ағымдағы жылдың наурыз-шілде аралығында тікелей құрылыс алаңшасында жүргізілген болатын. Колоннаны орнатып болысымен гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіліп, электрмен жарықтандырылуы тексерілді. Нәтижелері ойдағыдай шықты. К-1002 колоннасы биік нысан болып табылатындықтан ол авиациялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларының талаптары бойынша габариттік жарықтандырумен қамтамасыз етілуі қажет. Қазіргі уақытта Техникалық куәландырудан өткізетін уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге нысанды пайдалануға қосу мәселелері талқылануда. 

Анықтама үшін: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де 2017 жылдың маусым айында Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасының бірінші кезеңі аяқталғаны белгілі, қазіргі уақытта зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуге және мұнай өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған Жобаның екінші кезеңі нысандарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы басталған. Жоба 2 кезеңнен тұрады. Бас мердігер – СРЕСС компаниясы (ҚХР). Жобаны орындауға 30-дан астам қазақстандық қосалқы мердігер компаниялар тартылуда. Зауыттың 50% акциясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на, 50% акциясы CNPC компаниясына тиесілі.    



← Жаңалықтар бетіне қайту