ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 2017 жылғы 17 шілдеден бастап шикізатты өңдеуге тапсырыс берушілерге жаңа өнімді – К4-экологиялық кластағы (Евро-4 аналогы) АИ-92 маркілі жоғары октанды бензиндерді жөнелтуді бастады.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 2017 жылғы 17 шілдеден бастап шикізатты өңдеуге тапсырыс берушілерге жаңа өнімді – К4-экологиялық кластағы (Евро-4 аналогы) АИ-92 маркілі жоғары октанды бензиндерді жөнелтуді бастады.
17 шілде 2017 ж.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 2017 жылғы 17 шілдеден бастап шикізатты өңдеуге тапсырыс берушілерге жаңа өнімді – К4-экологиялық кластағы (Евро-4 аналогы) АИ-92 маркілі жоғары октанды бензиндерді жөнелтуді бастады. 

Жаңа өнім темір жол вагон-цистерналарына Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының ішінде бізде салынып, іске қосылған жалғыз автоматтандырылған нүктелік (жабық) құю қондырғысы арқылы құйылып, жіберілуде. 

Осылайша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жаңа экологиялық кластағы моторлы отындарды шығару режиміне толық ауысты. Жақын арада зауыт К4-кластағы АИ-96 маркілі автобензинін және К-5-кластағы (Евро-5 аналогы) АИ-92 және АИ-96 маркілі бензиндерді жөнелтуді бастайды. Осылайша зауыт ауқымды жоба болып табылатын «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасының 1-кезеңін аяқтап, нарық талаптарына сәйкес моторлы отындарды сериялы және тұрақты өндіруге ауысады. 

Естеріңізге сала кетсек, Жобаның 1-кезеңін іске асыру аясында 2014-2017 жылдары қуаты жылына 1,5 млн. тонна болатын дизель отынын гидротазалау қондырғысы, қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы, қуаты жылына 2,5 млн. тонна болатын автоматтандырылған нүктелік құю қондырғысы  және жалпы зауыт шаруашылығының нысандары (алау жүйесі, салқындататын судың градирнялары, өрт сөндіру стансалары, резервуар парктері, қышқыл ағызынды суларды бейтараптандыру қондырғылары және т.б. – барлығы 28 нысан) іске қосылған болатын. 
Сондай-ақ, 2017 жылғы 30 маусымда Шымкент мұнай өңдеу зауытында экологиялық кластардағы жоғары октанды бензиндерді шығаруды жылына 460 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік беретін ірі технологиялық нысан – шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысы іске қосылды. 

Қазіргі уақытта зауыттың шикізат өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізуге және мұнай өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған Жобаның 2-кезеңі нысандарының құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. 



← Жаңалықтар бетіне қайту