ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : 2017 жылғы 25 қыркүйекте «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-да «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017» кәсіби шеберлік байқауының ресми ашылуы болып өтті.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


2017 жылғы 25 қыркүйекте «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-да «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017» кәсіби шеберлік байқауының ресми ашылуы болып өтті.
25 қыркүйек 2017 ж.
2017 жылғы 25 қыркүйекте «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-да «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017»  кәсіби шеберлік байқауының ресми ашылуы болып өтті. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017»  кәсіби шеберлік байқауының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының еңбек ұжымдары арасында Қазақстанның екі қаласында: Шымкент пен Ақтауда  өткізіліп жатқандығын естеріңізге саламыз. Байқауға  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының 42  қызметкері қатысады:  «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «Қазтрансойл» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС, «Қазақтүркмұнай» ЖШС, «ИЦА» АҚ, «АГП» ЖШС. 
Шымкент МӨЗ «Үздік маман - 2017»  байқауы келесі номинациялар бойынша өтеді:  
«Компрессорлық қондырғылар машинисі», «Технологиялық сораптар  машинисі»,  «Технологиялық қондырғылар операторы»,  «Химиялық талдау лаборанты». Байқауға қатысушылардың теориялық және практикалық білімдерін он сегіз кәсіби алқа мүшелері мен сарапшылар бағалайды. 

«Үздік маман - 2017» байқауының арқасында қатысушылар тәжірибе алмасады, өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдай түседі, ҚМГ мыңдаған адамнан тұратын ұжымына ірі компаниялар арасында көшбасшылық позицияны ұстап тұруға, өндірістік және экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа білім мен дағдыларды меңгереді. Бұған қоса байқау ҚМГ қызметкерлерінің кәсіби салалар  бойынша білімдерін арттыруға ықпал етеді.
Компания қызметкерлері байқауды өткізу барысында ішкі корпоративтік және басқа да кәсіби байланыстарды жолға қояды.

 «Үздік маман - 2017» байқауының нәтижелері Ақтау қаласында жарияланатын болады. 



← Жаңалықтар бетіне қайту