ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Шымкент МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін авиаотынды өндіру көлемі 1,5 есеге, жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі 3 еседен асаға ұлғаяды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Шымкент МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін авиаотынды өндіру көлемі 1,5 есеге, жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі 3 еседен асаға ұлғаяды
02 қазан 2017 ж.
Шымкент МӨЗ жаңғырту аяқталғаннан кейін авиаотынды өндіру көлемі 1,5 есеге, жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемі 3 еседен асаға ұлғаяды

ҚР Премьер-министрі  Б. Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында     «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС болып, «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрастыру»  жобасының 1-Кезеңінің әрекеттегі объектілерімен және 2-Кезең жұмыстарының барысымен танысты.   

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі Аға Вице-президенті ҚР Премьер-министріне 2-Кезең аясында  қуаты жылына 2,0 млн. тонна болатын мазутты және  вакуумдық газойлды өңдеуге арналған  RFCC каталитикалық крекинг кешеніндегі жұмыс барысы  туралы баяндады.  

Ағымдағы жылдың маусымынан бастап Шымкент МӨЗ Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4, К-5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензинді шығаратындығын естеріңізге  саламыз. 2017 жылдың шілдесі мен тамызында  зауыт 197 904 тонна жоғары октанды бензинді өндірді. 

Нәтижесінде, 2018 жылғы қыркүйекте 2-Кезең аяқталғаннан кейін зауыттың мұнай өңдеу көлемі жылына 6млн. тоннаға дейін көбейетін және өңдеу тереңдігі ұлғаятын болады. Жоғары октанды бензинді өндіру көлемі  жылына 652ден 2 270 мың  тоннаға дейін, дизель отыны –1 192ден 1 916 мың тоннаға дейін, авиаотын –  254тен 400 мың тоннаға дейін өседі.  Зауытта жоғары октанды автобензиндерді өндіру үлесі 100% құрайтын болады. 


Анықтама: 

Жаңғырту жобасы аясында 2015 жылы қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалау қондырғысы мен қуаты жылына  4 мың тонна күкірт өндіру қондырғысының пайдалануға берілгендігін естеріңізге саламыз.

2017 жылы 23 маусымда Қазақстанда алғаш болып мұнай өнімдерін вагонцистерналарға герметикалық құюды қамтамасыз ететін, қуаты жылына 2,5 млн. тонна автоматты мұнай өнімдерін нүктелік құю қондырғысының өндіріске енгізілгендігін естеріңізге саламыз. 

А.ж. 30 маусымында ірі технологиялық объект - шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысы пайдалануға енгізілді және де К-4, К-5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензиндердің алғашқы сертификатталған партиясы алынды. 

Сонымен, «Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құрастыру»  жобасының 1-Кезеңі аяқталды.

2-Кезең аяқталғаннан кейін  2018 жылдың екінші жартысында  кәсіпорын арсеналы «RFCC» каталитикалық крекинг, «Prime G+» бензинді гидротазаалу, «Merox» шекті және шексіз газдарды тазарту, сутегін тазарту қондырғыларымен және  т.б. толығатын болады. 

Жоба бойынша 11 технологиялық қондырғының және 29 жалпы зауыт шаруашылығы объектілерінің құрылысын жүргізу және қайта құрастыру қарастырылған.



← Жаңалықтар бетіне қайту