ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастады
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастады
10 сәуір 2018 ж.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастады

 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылғы 10 сәуірден бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы тоқтататыны туралы хабарлайды. 

Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген. 


Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін және де кәсіпорынның сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. 


Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру аясында жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа RFCC каталитикалық крекинг кешені нысандарын Шымкент мұнай өңдеу зауытының әрекеттегі нысандарына біріктіріп қосу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 


Зауытты күрделі жөндеуге тоқтатудың алдында барлық резервуар парктері тауарлы өнімнің қажетті көлемімен толтырылды. 


Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының 1-кезеңі 2017 жылы аяқталды, ал жаңғырту жобасының 2-кезеңін 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.



← Жаңалықтар бетіне қайту