ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : ПетроҚазақстан компаниясының мұнай және газ жөніндегі ТМД саммитіне қатысуы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


ПетроҚазақстан компаниясының мұнай және газ жөніндегі ТМД саммитіне қатысуы
05 маусым 2009 ж.
summit27 мамыр мен 29 мамыр аралығында Парижде «The Energy Exchange» (Лондон) ұйымдастырған Мұнай және газ жөніндегі жыл сайынғы ТМД елдерінің саммиті болып өтті. Саммитке Еуропа, АҚШ, ТМД елдерінің мұнай-газ, сервистік, талдаушы компанияларының жетекші сарапшылары мен басшылары, сондай-ақ белгілі еуропалық банктер мен қаржы институттары қатысты. «ПетроҚазақстан» әлем экономикасының стагнациясы жағдайында мұнай-газ бизнесін дамытудың көкейтесті проблемаларына арналған осындай беделді халықаралық форумға алғаш рет қатысты. Компанияның атынан Вице-президент Б.И. Исенғалиев қатысты, оған Саммитті ұйымдастырушылар отырыстың Орталық Азия бойынша Төрағасының құрметті рөлін берді. Саммиттегі төрағалық «ПетроҚазақстан» компаниясына деген үлкен ынта туғызды және сөзсіз, оның халықаралық деңгейде танылу дәрежесін жоғарылатты. «ПетроҚазақстан» компаниясы ТМД елдерінің мұнай мен газ жөніндегі кезекті Оныншы Саммитінде баяндама жасауға шақыру алды.

← Жаңалықтар бетіне қайту