ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Баспасөз Хабарламасы. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңа RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Баспасөз Хабарламасы. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңа RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды
03 шілде 2018 ж.
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де – Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңадан салынған RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылданды. Осы уақыттан бастап «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» стратегиялық жобасы аясында іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтау кезеңі – технологиялық қондырғыларды кешенді сынау жұмыстары басталады. Шикізатты қабылдауға дейін келесідей үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді: - су дайындау қондырғысы, БӨА сығылған ауа қондырғысы, азот өндіру, бу өндіру қондырғысы және т.с.с. жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды; - технологиялық қондырғыларда жеке сынау жұмыстары, энергоресурстарды қабылдау, реакторлы-регенераторлы және реакторлы блоктарды құрғату жұмыстары аяқталды және барлық тораптарды, блоктарды және жалпы технологиялық жүйені мұқият тексеріп шыққаннан кейін негізгі RFCC каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылдау және Merox, Prime G+, Claus, PSA-2 қондырғыларын қосу туралы жалпы шешім қабылданды. Қуаты жылына 2 млн. тонна шикізат өңдейтін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы UOP компаиясының (АҚШ) технологиясы бойынша жобаланып, салынды және ол осы кешеннің «жүрегі» болып табылады. Қондырғы ауыр мұнай қалдықтарын өңдеп, сұйытылған газ, бензин және жеңіл газойл сияқты жоғары сапалы бағалы өнімдерді алу үшін арналған. Жалпы айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының екінші кезеңі аясында: - RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы; - Merox көмірсутекті газдарды тазалау қондырғысы; - Prime G+ бензинді гидротазалау қондырғысы; - Claus күкірт өндіру қондырғысы; - PSA-2 сутекті тазалау қондырғысы сияқты технологиялық қондырғылар салынды. Аталған қондырғыларды іске қосу зауытта шикізат өңдеу тереңдігін жоғарылатуға және сапасы жағынан К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келетін автомобиль отындарын – бензин мен дизельді өндіру көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын аяқтау 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. 

«ПКОП» ЖШС Баспасөз қызметі


← Жаңалықтар бетіне қайту