ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасы бойынша RFCC каталитикалық крекинг реакторына шикізат қабылданды.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасы бойынша RFCC каталитикалық крекинг реакторына шикізат қабылданды.
15 тамыз 2018 ж.

2018 жылғы 2 тамызда сағат 23.58-де «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де негізгі технологиялық операция орындалды, яғни «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасы бойынша RFCC каталитикалық крекинг реакторына шикізат қабылданды.

 
       R-1001 реакторында тікелей айдалған мазутты сұйытылған газ, автомобиль бензині компоненттеріне бөлу үшін катализатордың жалған сұйытылған қабатында термокаталитикалық конверсия реакциялары басталды.

 
- сұйтылған газ Merox қондырғысына тазалау үшін жіберіледі;

 
- автомобиль бензині Prime G+ қондырғысына гидротазалау үшін жіберіледі;

 
осыдан кейін күкірт өндіретін Claus қондырғысы, сутекті тазалайтын PSA-2 қондырғысы рет-ретімен қосылатын болады.

 
     Бүгін 15 тамызда белгіленген сападағы жоғары сапалы өнім шығару басталды.


     Қуаты жылына 2 млн. тонна шикізат өңдейтін RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы UOP компаниясының (АҚШ) технологиясы бойынша жобаланып, құрастырылды. Тікелей айдалған мазутты қабылдағанға дейін отындық газ, электр энергиясы, салқындататын су, БӨА ауасы, азот және су буы сияқты энергоресурстарды тұрақты қабылдау қамтамасыз етілді, энергетика жабдықтары, БӨА дала аспаптары іске қосылды, технологиялық процесті және апатқа қарсы қорғанысты, мазуттың циркуляциясын басқаратын үлестірілген жүйесі іске қосылды.

 
      RFCC каталитикалық крекинг кешенін іске қосу зауытта шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға, сапасы бойынша К-4 және К-5 экологиялық кластарына сәйкес келетін автомобиль отындарын (бензин, дизель) шығаруға мүмкіндік береді.


Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасыны 2018 жылдың қыркүйек айында қол жеткізу жоспарлануда.

 

Web1_________________________________________________________4

 

Web2_IMG_2500

 

Web_3_IMG_4745    Web_4_IMG_4746

 

Web_5_IMG_4747    Web_6_IMG_4744

   

 



← Жаңалықтар бетіне қайту