ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : «ПетроҚазақстан» Үкіметтің ЖЖМ нарығын тұрақтандыруға қатысты табанды талабын қолдайды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


«ПетроҚазақстан» Үкіметтің ЖЖМ нарығын тұрақтандыруға қатысты табанды талабын қолдайды
08 ақпан 2010 ж.

Қазақстанда ЖЖМ нарығын тұрақтандыру мақсатында ҚР Үкіметі құрған Жұмыс тобына бір жағынан Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және әкімдіктер, екінші жағынан ЖЖМ жеткізушілері кірді. 2010 жылғы 25 қаңтарда Жұмыс тобының Хаттамасына қол қойылды, онда баға қалыптастыру механизмі мен жеткізу шарттары келесі ретте бекітілген:

  1. 2010 ж. ақпанда Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге литріне 82 теңге, Аи-80 маркалы бензинге литріне 62 теңге, дизель отынына - литріне 67 теңге бөлшек сауда бағасы бекітілді.
  2. Мұнай өнімдерін өндірушілердің көтерме бағасын реттемеуге шешім қабылданды.

«ПетроҚазақстан» сауда үйі  (ПҚ СҮ) үш қазақстандық МӨЗ бірі - «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» -  өндіретін мұнай өнімдерін еліміздің жеті облысына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласы және ««КТЖ ҰК» АҚ жеткізеді.

Міндеттемелерге сәйкес ПҚ СҮ ЖЖМ көтерме жеткізудің бәріне ортақ шартында, ПҚ СҮ жоғарыда аталған нарықтың алушы-қатысушыларына баға ұсыныстарын жіберді. Ұсынылған көтерме сауда бағалары ЖЖМ нарығының басқа қатысушылардың бағаларынан асқан жоқ, шынайы қажеттілік ескерілді және көлік шығындарына, күзет және мұнай базаларында ЖЖМ сақтау шығындарын ескере отырып қалыптастырылды. Қазіргі уақытта ПҚ СҮ Аи-92 бензинінің көтерме сауда бағасы, мысалға алғанда, литріне 69 теңгені құрайды.

Оңтүстік-Қазақстан облысынан басқа, дерлік барлық әкімдіктерден оң жауап алынды.  Қазіргі кезде ОҚО әкімдігімен жеткізу бағалары бойынша ауызша келісім жасалған.

2009 жылғы мұнай өнімдерінің күрт жетіспеуі жағдайында да, ЖЖМ нарығында көтерме сауда бағасын реттеудегі мемлекеттік саясатқа бағынып, ПҚ СҮ Аи-80 бензиніне көтерме бағаны литріне 36 теңге деңгейінде сақтап отырды. Осы жағдайда ПҚ СҮ көтерме саудадағы литріне айырмашылық нарықтық көтерме сауда бағасымен салыстырғанда орта есеппен 35 теңгені, ал бөлшек сауда бағасымен  орта есеппен литріне 50-60 теңгені құрады.

Осы жылы да «ПетроҚазақстан» компаниясы Үкіметттің ЖЖМ нарығын тұрақтандыруға бағытталған, тұтынушылар мүддесіне жауап беретін бағдарын белсенді түрде қолдайтынын көрсетіп келеді.



← Жаңалықтар бетіне қайту