ПетроKазахстан : Компания туралы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Компания туралы

«ПетроҚазақстан» – бұл акционерлері «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы* болып табылатын мұнай тобы. «ПетроҚазақстан» компаниясының қызмет аясына: геологиялық барлау, кен орындарын өңдеу, мұнай мен газды өндіру, маркетинг және тасымалдау, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және оларды сату кіреді. 


«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымының негізін екі бөлімше құрайды: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП). Қызылорда облысында орналасқан «ПҚҚР» АҚ мұнай өндірумен айналысады. Түркістан облысының Шымкент қаласында орналасқан «ПҚОП» ЖШС мұнайдың қайта өңделуімен айналысады.


Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан» компаниясы қызметін Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорындағы 50%-дық үлесті иеленеді. Компанияның «Қазгермұнай» БК» ЖШС-дегі серіктесі – «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ, ал «Торғай Петролеум» АҚ-дағы серіктесі – «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Б.В.» болып табылады.


«ПетроҚазақстан» компаниясының бизнесі – бұл мұнайды геологиялық барлау мен өңдеуден бастап, оны жоғары сапалы мұнай өнімдеріне қайта өңдеуге дейінгі біртұтас технологиялық тізбегі және маркетинг пен тасымалдаудың дамыған жүйесі.