ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Корпоративтік қызметтер : Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Алматы қаласындағы компания қатысатын жобалардың мақсаты – өнер, мәдениет пен спорт салаларындағы әлеуметтік тұрғыдан маңызы зор іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету, сондай-ақ ғылыми-білім беру мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып келеді. 


Олардың қатарына келесідей жобалар жатады:


  • «Мейірімділік» еркін қоғамы» (ДОМ) Қоғамдық қоры – Қордың жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды өз мойнына алып, көптеген жылдар бойы компания «ДОМ» ҚҚ-мен белсенді түрде жұмыс істейді. Осындай қолдаудың арқасында Қор қызметкерлері ауруларын Қазақстанда емдеуге болмайтын балаларға көмек беруге бағытталған «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңуге болады», «Жетімсіз Қазақстан» сияқты Қазақстан қоғамына маңызды жобаларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналыса алады. Жұртшылықты одан әрі ақпараттандыру және қайырымдылық жұмыстарға мүмкіндігінше қатысуға ниет білдіретін көмек беруге құштар қазақстандықтардың санын арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап компания «Хабар» телеарнасындағы «Балаларға өмір сыйла» атты бағдарламаның жасалуына және көрсетілуіне демеушілік көрсетіп келе жатыр. «ПетроҚазақстан» компаниясының Вице-Президенті Б. И. Исенғалиев «ДОМ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 
  • 2011 жылы Қорға белсенді түрде қолдау көрсетудің нәтижесінде компания «Тұрақты әлеуметтік позиция» номинациясында «Ар-Намыс» сыйлығымен марапатталды. 
  • Ардагерлерге қолдау көрсету. Компания бұрыннан бері Алматы қаласы мен Медеу ауданындағы ҰОС ардагерлерінің кеңесімен жақсы қарым-қатынастарды сақтап келе жатыр, сондай-ақ ол «Оңтүстік Қазақстанның геология ардагерлері» Қоғамдық ұйымына бірқатар жобаларды жүзеге асыру мақсатында жыл сайын ақшалай қаражат бөліп отырады. 
  • Мәдениет, өнер мен спорт жобаларына қолдау көрсету. Қазақстандық және әлемдік мұраны сақтау және қоғам аясында дәріптеу мақсатында компания қоғам үшін аса маңызды мәдениет пен өнер саласындағы жобаларға қатысып тұрады. Компания Бірінші Президент қорына қолдау көрсетіп, Алматыдағы «Франция меруерттері – Ренессанс дәуірінен қазіргі таңға дейінгі француз өнері мен мәдениеті» атты француз көркемөнер мұрасының көрмесіне демеуші болды. Компания ҚР Тәуелсіздік күніне және Алматыдағы Мәдениет жылына ұштастырылған «Күнмен жылынған жер» атты Орта Азия мен Қазақстанның атақты сурет шеберлерінің көрмесін ұйымдастырып, өткізген болатын. «ҚазЭнерджи» Бірлестігінің 10 жылдығына орай 2015 жылдың қыркүйегінде компания тарапынан «HasSanat» галереясының көркем көрмесі және Айман Мұсахаджаева, Жания Әубәкірова және Майра Мұхамедқызы сынды қазақстандық және әлемдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен классикалық әуен концерті ұйымдастырылды. 
  • «ПетроҚазақстан» компаниясы Қазақстандағы бірден бір кәсіби вокалдық байқау болып келетін Б. Төлегенованың халықаралық вокалшылар байқауының демеушісі болып табылады. Осыған қоса, компания КСРО-ның Халық әртісі Б. Төлегенованың өмірі мен шығармашылығы жайлы көркем-өмірбаянды кітабының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығару идеясын жүзеге асыруда өз септігін тигізу және демеушілік көрсету құрметіне лайық болды. 
  • Көптеген жылдар бойы компания қазақстандық балеттің көркем мектебін тұтып, дамытатын ел аумағындағы жалғыз кәсіби балет мектебі болып келетін Селезнев атындағы Алматы хореографиялық мектебінің шығармашылық ұжымына қолдау көрсетеді. 
  • Қазақстанның әуесқой спорттық федерациялары мен дарынды спортшыларына жиі қолдау көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларға белсенді қатысу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы Қазақстандағы спорттың дәріптеуіне айтарлықтай үлесін қосады. 
  • Қайырымдылық жобалары. Қайырымдылықты көрсетуге бағытталған көптеген жобалардың арасында компания тарапынан әртүрлі білім беру мекемелеріне, жетім балаларға арналған мекемелерге және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ұйымдарға аса маңызды көңіл бөлінеді. Олардың арасында Алматы қаласындағы жетім және қамқорлықтан айырылған балаларға арналған «№2 балалар үйі», «АРДИ» мүгедек балалардың ата-аналарының бірлестігі, «Кеңес» қоғамы және тағы да басқа ұйымдар бар.
  • Қайырымдылық жобаларын жүзеге асырумен бірге компания қоғамдағы қайырымдылықтың кейінгі дамуы мен насихатталуына елеулі септінін тигізіп отырады. Жыл сайынғы «Алтын жүрек» қоғамдық сыйлығын ұйымдастырушы «Бауыржан» Қоғамдық қорының идеяларына толығымен қосылып, көптеген жылдар бойы «ПетроҚазақстан» компаниясы қайырымдылық әрекеттері үлгі болып, қоғамның дамуына тура ықпал тигізетін адамдар мен ұйымдарды анықтауға және марапаттауға көзделген Қазақстанның қайырымдылық аясындағы бірден бір сыйлығы болып келетін «Алтын жүрек» сыйлығына демеушілік көрсетіп отырады.