ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше : Мұнай өндіру
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Мұнай өндіру

2016 жылдың қорытындылары бойынша "ПетроҚазақстан" компаниялар тобы бойынша өндіру көлемі 2,18 млн. тонна мұнай құрады. 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ПетроҚазақстан компаниялар тобы бойынша жылдық жоспар 1,84 млн. тонна болған кезде нақты мұнай өндірісі 1,36 млн. тонна құрады.


2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «ПҚҚР» АҚ кеніштері бойынша ұңғымалардың жалпы қоры 1055 бірлік құрады, соның ішінде пайдаланымдық қорда 460 ұңғыма, консервацияда 25 ұңғыма, қадағалау қорында 299 ұңғыма және айдамалау қорында 189 ұңғыма, «Көлжан» ЖШС бойынша пайдаланымдық қор 83 ұңғыма және барлау қоры 57 ұңғыма құрайды, ПҚВИ бойынша барлау қоры 21 ұңғыма құрайды. Компанияның кеніштерінде қолданылатын ұңғымаларды пайдаланудың негізгі тәсілі – бұрандалы штангілі тереңдік сорғы қондырғылары мен батырмалы электрлі ортадан тепкіш сорғы қондырғылары пайдаланылатын механикалық тәсіл.