ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше : Кен орындарын дамыту
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Кен орындарын дамыту

«ПетроҚазақстан» компаниясы әрқашан да өндірілген кеннің орнын коммерциялық жағынан құнды кен орындарын ашу арқылы ауыстыруға тырысады. Мысалы, компания тұрақты негізде барлау бағдарламасын жүзеге асырып, Оңтүстік Торғай алабында жұмыс істейтін бірден бір ірі мұнай кәсіпорны болып қалуда, және де ол аймақтың әлеуетті мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру үшін осы бағдарламаны жалғастыруды міндетіне алды.


Бүгінгі таңда ПҚҚР компаниясында Құмкөл оңтүстік-шығыс бөлігі, Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіруді іске асыру туралы алты келісімшарт және Құмкөл кен орнына жапсарлас аумақтар мен Қарағанды облысының барлау аудандарында (Қарабұлақ, Батыс Қарабұлақ, Солтүстік Қарабұлақ) көмірсутек шикізатын барлауды жүргізу туралы екі келісімшарт бар. Сондай-ақ, қажетті материалдық базасы, кәсіптік біліктілігі, машықтары, жұмыс күші және басқа қажетті құралдары бола отырып, компания басқа ұйымдар үшін барлау мен өндіруді іске асыру бойынша, соның ішінде Көлжан ЖШС үшін Солтүстік-Батыс Қызылқия кен орнында көмірсутек шикізатын өндіруді және Тұзкөл, Батыс Тұзкөл, Жаңбыршы, Тасқұдық барлау аудандарында барлауды іске асыру бойынша, ПҚВИ үшін Досжан барлау ауданында көмірсутек шикізатын барлауды іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді.


2011 жылы Құзыретті орган – ҚР Мұнай және газ министрлігінен алынған КСШ өндіру бойынша Келісімшартқа және ҚР Мұнай және газ министрлігі ҚОК тарапынан бекітілген "Шығыс Құмкөл кен орнын қазбалаудың технологиялық сұлбасы" жобалық құжатына сәйкес Шығыс Құмкөл кен орны өнеркәсіптік қазбалауға енгізілді.


Сондай-ақ төмендегі іс-шаралар жүргізілді: 


- ҚР ИжЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті бекіткен сынамалық іске пайдалануды жүргізу бойынша жобалық құжатқа сәйкес Батыс Қарабұлақ кен орнын сынамалық іске пайдалану;

- ҚР ИжЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті бекіткен сынамалық іске пайдалануды жүргізу бойынша жобалық құжатқа сәйкес Солтүстік Нұралы Қарабұлақ кен орнын сынамалық іске пайдалану;

- ҚР ҚОК хаттамасымен бекітілген сынамалық іске пайдалануды жүргізу жобасына сәйкес Тұзкөл кен орнын сынамалық іске пайдалану.