ПетроKазахстан : Еңбек ресурстары : Оқыту және қайта дайындау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Оқыту және қайта дайындау

«ПетроҚазақстан» өзінің жұмыскерлерінің жоғары өнімділікті қамтамасыз етіп, Компанияның өндірістік міндеттеріне жетуі және өздерінің жұмысын барынша қауіпсіз, сенімді әрі тиімді тәсілмен атқаруы үшін құзыреттілігін жақсартуы мақсатында олардың оқуына және кәсіби тұрғыдан да, сондай-ақ жеке басы тұрғысынан да дамуға мүмкіндік береді.


Қызметкерлерді оқыту – компанияның болашағына құйылатын инвестициялар. Кәсіби дамуға күрделі қаржы құю ұжымда қолайлы ахуалдың қалыптасуына ықпалдасады, қызметкерлердің ынтасын арттырып, компанияға адалдығын нығайтады, басқару ісіндегі мирасқорлықты қамтамасыз етеді.


Қызметкерлердің жұмысы мен дамуын, сондай-ақ өндірістік мұқтаждарды және өндірістік үрдістегі қандай да бір өзгерістерді (соның ішінде жұмыскерлердің біліктілігі мен машықтарын жақсартуға арналған жаңа технологияларды ендіру, жаңа жобаларды әзірлеу) жоспарлау, бағалау бағдарламасының жыл сайынғы нәтижелерінің негізінде «ПетроҚазақстан» компаниясының барлық бөлімшелерінің Оқыту Бөлімі қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, компанияның басшыларының, супервайзерлерінің және басқа да жұмыскерлерінің сенімділігін қамтамасыз ету мен құзыреттілігін жақсарту мәселелері бойынша оқу мүмкіндігін береді.


Қызметкерлердің кәсіби жағынан дамуы олардың өздеріне де оңды әсер етеді. Білімін жақсартып, жаңа машықтар мен дағдыларды үйрене отырып, қызметкерлер мансап сатысында жоғарылау үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады. Технологиялар мен өндірістік үрдістер жылдам дамитын қазіргі жағдайларда мұның маңызы ерекше.


«ПетроҚазақстан» компаниясының оқыту бөлімінің барлық бөлімшелерінің міндеті – қызметкерлерді оқыту мен дамыту арқылы компанияның бизнесінің өркендеуіне және әл-ауқатының артуына септесу.

 

Қызметкерлерді оқыту мен дамытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстың негізгі сатылары:


• Компанияның мұратына, бизнес мақсаттарына және басты құзырларына сәйкес, оқытудың мақсаттарын айқындау.
• Қызметкерлерді оқыту саласындағы стратегияны қалыптастыру.
• Оқытуға деген қажеттіліктерді анықтау.
• Оқытудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындау.
• Оқытудың мақсаттарына және экономикалық жағынан орындылығына қарай оның түрлерін таңдау: фирма ішілік оқыту, сыртқы провайдерлерді тарту арқылы оқыту.
• Оқытуға арналған жылдық бюджетті қалыптастыру және таяу жылдарда жұмсалатын шығындарды болжау.
• Провайдерлерді іздеу және таңдау, келіссөздер жүргізу және оқыту қызметтерін көрсету шарттарын ресімдеу.
• Ішкі оқыту шеңберінде оқу үрдісін ұйымдастыру, қызметкерлерді оқу орталықтарына оқытуға жіберу.
• Оқытудың тиімділігін бағалау.


Компанияда оқыту (ішкі оқыту) оқытушы нұсқаушылар ретінде компанияның жетекші мамандарын оқу үрдісіне тарта отырып, кәсіпорынның өзінде тікелей жүргізіледі. Оқытудың осы пішіні түрлі кәсіптердің жұмысшыларын техникалық жағынан оқытуды (міндетті трүде үш жылда бір рет), екінші мамандық алу үшін оқытуды, мақсатты нысанадағы түрлі курстарды қамтиды.


Сыртқы провайдерлерді тарту арқылы оқыту. Көптеген жылдар бойы «ПетроҚазақстан» компаниясының қызметкерлерді оқыту мен дамыту бөлімдері басшылар мен мамандарды оқыту бойынша көптеген оқу орталықтарымен ұзақ мерзімді тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жолға қойды. Біздің осы саладағы ресейлік серіктестеріміздің арасында Губкин атындағы ММГА жанындағы ОЗО, Бауман атындағы ММТУ жанындағы СБЖИ, Мұнай-химия БЖИ, САП-ТМД және Балтық теңізі жағалауының елдері, АйТи академиясы, Мұнай-газ бизнесі институты, Солтүстік-Батыс оқу орталығы, Менделеев атындағы Мәскеу химия қоғамы, Уфа үздіксіз білім беру институты, Пермь мемлекеттік техникалық университеті және басқалары.


Ал Қазақстанда – Алматы энергетика және байланыс институты, ҚМЭЖИ, Халықаралық Бизнес Академиясы, ҚР Мұнай-газ өнеркәсібі министрлігінің оқу орталығы, ABS Training Centre, ТОО «Экаунтэнси Тьюишн Сентр», СофтЛайн, Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды, «АЛСИ» оқу орталығы, Кәсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар институты, КАПУР Экологиялық білім мен мансап орталығы, Директорлар институты, «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі, Алматы банк ісіне оқыту орталығы, Қазақстан Бұзбастан бақылау  және техникалық диагностика оқу-ғылыми орталығы, Central Asian Personnel Consulting, Қазақстан Техникалық реттеу, метрология  бойынша білім жоғарылату институты және көптеген басқалары. ПҚОП қызметкерлері үшін тұрақты жұмыс істейтін тіл және компьютерлік курстар жұмысын жалғастыруда.


«ПетроҚазақстан» республиканың жоғары оқу орындары мен колледждеріне Қазақстанның өнеркәсібі үшін жаңа кадрларды дайындауда жәрдемдеседі. Бұл көмек жоғары оқу орындарының машықтануына және студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік беру арқылы көрсетіледі.


«ПетроҚазақстан» компаниясының оқыту саласындағы тағы бір жетістігі – жыл сайынғы стипендиялық бағдарламалар:


Қызылорда облысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниясының стипендиялық бағдарламасы. Компания үшін ең қажетті мамандықтар бойынша Қазақстанның (Қазақстан-Британия техникалық университеті, Қазақстан менеджмент, экономика және стратегиялық зерттеулер институты, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті) және Қытайдың (Қытай мұнай институты) оқу орындарында бакалавр дәрежесін алу мақсатында Қызылорда аймағында тұратын жастарға жыл сайынғы стипендиялар беруді  көздейді.


Компанияның жұмыскерлерін сырттан оқыту бағдарламасы. «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің қызметкерлерін жоғары бағалайды және олардың үнемі оқып-үйренуге деген ұмтылысын қолдап отырады. Аталған бағдарламаның шеңберінде, алдын ала бекітілген жағдайда, компания ҚР Білім министрлігі таныған және аккредитациялаған оқыту бағдарламаларына қатысатын жұмыскерлерге жоғары білім алу бойынша, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі сырттан оқу арқылы академиялық дәреже алу бойынша қаржылық қолдау көрсетеді.


Компанияның жұмыскерлер асырауындағы балаларына арналған стипендиялық бағдарлама. Жоғары білім алудың маңызын түсіне отырып, аталған бағдарламаның шеңберінде «ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің жұмыскерлерінің балаларына оқу ақысын төлеу түрінде қаржылық көмек көрсетеді.