ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Өндіруші бөлімше

    «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ПҚҚР) – Қазақстан Республикасында тіркелген және Оңтүстік Торғай алабындағы Құмкөл Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ, Шығыс Құмкөл және Солтүстік Нұралы мұнай кен орындары мен барлау блоктарын игеруді жүзеге асыратын мұнай өндіруші компания. Қызылорда облысында жұмыс істеген жылдары «ПҚКР»     57 млн тонна мұнай өндірді, оның 3,2 млн тоннасы 2011 жылдың үлесіне тиді.

     Кен орындары мен ілеспе инфрақұрылымды дамыту мақсатында ПҚҚР бірқатар ірі жобаны, соның ішінде кен орындарындағы коллекторлық жүйелердің, кәсіпшілік ішіндегі автомобиль жолдарының, қаттағы қысымды ұстап тұру мақсатында қатқа су айдайтын жүйенің, мұнайды сақтауға арналған резервуарлардың құрылысын салу, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау мен жайғастыру жобаларын іске асырды. 2007 жылы ПҚҚР 10-дюймдік Қызылқия – Арысқұм газ құбырының құрылысын салды, Арысқұм мен Қызылқия кен орындарында мұнай жинау жүйесін іске қосты, Құмкөл кен орнында қаттағы қысымды ұстап тұру жүйесін жаңарту жұмысын жүргізді, сондай-ақ Арысқұм кен орнындағы вахта кентін кеңейтіп, оған 200 орын қосты.
 
    2008 жылы Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия, Майбұлақ кен орындарындағы газды пайдаға жарату нысандары іске пайдалануға енгізілді: Құмкөл кен орнында газды жер қабатына айдау бойынша, Қызылқия кен орнынан Арысқұм кен орнына газ тасымалдау жүйесі және Арысқұм кен орнындағы газды қысыммен айдау жүйесі бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ Майбұлақ кен орнындағы газды пайдаға жарату жобасы бойынша барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары толық аяқталды. Құмкөл кен орнының газ жинақтау жүйесінің бес учаскесіндегі құрылыс-құрастыру және іске қосу-түзету жұмыстары 2009  жылдың 2-ші тоқсанының басында аяқталды.
 
    Газды пайдаға жарату жобасының шеңберінде 2004 – 2010 жылдары ПҚҚР 143 млн АҚШ долларын инвестициялады. Компания Қазақстанда алғашқылардың бірі болып газды пайдаға жарату бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыра бастады.

 
    Ілеспе газды пайдаға жарату бойынша салынған инвестициялар:
- Құмкөлдегі ГТҚ құрылысын салу
- ҚАМ (Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ) кен орындарының ілеспе газын пайдаға жарату нысандары
- Құмкөлдегі ілеспе газды жинақтау мен пайдаға жарату нысандары
 
   2010 жылы "Торғай Петролеум" АҚ БК-мен бірлестікте Құмкөл кен орнында жиынтық қуаттылығы 50 мВт құрайтын екі қосымша ГТҚ құрылысы басталды. Бүгінде аталған жоба толық іске асырылды, бұл орайда Құмкөл кен орнының газды турбиналы электр станциясының жиынтық қуаттылығы 100 мВт құрады.

    ПҚКР Қызылорда облысындағы әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының аса ірі демеушілерінің бірі болып қалуда. Республикада жұмыс істеген уақыт ішінде демеушілік және қайырымдылық жобаларын іске асыруға айтарлықтай қаражат бөлді. 2011 жылы көрсетілген көмектің жалпы көлемі 4,8 млн АҚШ долларын құрады. ПҚҚР компаниясы мектептерге, балалар үйлеріне, «Арай Санрайз» жазғы лагеріне, сондай-ақ ауруханаларға, емханаларға және басқа ұйымдарға көрсететін қаржылық қолдау Қазақстанда кеңінен әйгілі.  Қызылорда облысының Әкімдігімен бірлесіп Компания Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту мен қолдауға белсенді қатысады. 2011 жылы ПҚҚР компаниясы мен облыстық әкімдік қол қойған Ынтымақтастық туралы  меморандумның шеңберінде компания Қызылорда облысында түрлі әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шараларды жүзеге асыруға, соның ішінде бірқатар балалар мекемесіне қолдау көрсетуге, ауылдық елді мекендерді және Қызылорда қаласының инженерлік коммуникацияларын дамытуға 3 млн. АҚШ долларын берді.