ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше : Геологиялық барлау және бағалау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Геологиялық барлау және бағалау

"ПетроҚазақстан" компаниясының барлау және өндіру бойынша бүкіл қызметі Орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Оңтүстік Торғай бассейніндегі 12 000 км2 аумақта жүзеге асырылады. Әдетте, компания кеніштерінің өнімді аймақтары 760 метрден 1830 метрге дейінгі біршама тереңдікте орналасқан, ал жақын арада бұрғыланған ұңғымалардың кейбірі өнімді қабаттарға 2300 метрден 3550 метрге дейінгі тереңдікте жеткен. "ПетроҚазақстан" кен орындарындағы мұнайлы қабаттардың кеуектілігі мен сіңірімділік деңгейі жоғары, ондағы мұнай – жеңіл, күкірті аз, тығыздығы АРІ шкаласы бойынша 37°-тан 44°-қа дейін және күкірт мөлшері 0,4%-дан төмен. Осы орайлы сипаттамалар "ПетроҚазақстан" компаниясына өз кеніштерін игеру, мұнай өндіру және өңдеу жұмыстарын аз шығын жұмсап жүргізуге мүмкіндік береді.


2017 жылы «ПетроҚазақстан» компаниясы геологиялық барлау жұмыстарына 30 млн. АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. 


15 барлау ұңғымасын бұрғылау жоспары бойынша бүгінгі таңда іс жүзінде 7 ұңғыма бұрғыланды. 


Геологиялық барлау нәтижесінде мұнай қорларының 2017 жылда күтілетін өсімі - 1,100.0 мың тонна.  


Нақты 9 айдағы мұнай өсімі 800 мың тоннаны құрады.


Кетеқазған кенішінің батыс бөлігіндегі еңістің іргесінен 3000 метр тереңдікте №18 ұңғыманы бұрғылау арқылы карбонаттармен байланысқан және суасты конус-шығару нәтижесінде түзілген мол газ шоғыры табылды. Газ қорлары 2 млрд. м3 көлемде бағаланып отыр. Бұл аумақ алдағы уақытта геологиялық барлау жүргізу үшін перспективалық объектілердің бірі саналады. 


Шығыс-керуенші сатысындағы 1000 метр тереңдіктегі палеозой түзілімдерінен дербес күмбез тәрізді бірнеше дөңбектен құралған жаңа кен орны ашылды. 


Компанияның келесі бағыты ашық кен орындарының айналасынан қорлары азғантай кеніштерді іздеу және табу болып табылады. Олар серіктес кеніштер деп аталады. Бұл Қарабұлақ кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай жергілікті көтерілімде №53 ұңғыманың бұрғыланғанын дәлелдейді. Нәтижесінде карсттармен байланысқан мұнай шоғыры табылды. 


Қазіргі уақытта Компания ҚР Энергетика министрлігімен КСШ барлауға 2022 жылға дейін 6 жыл мерзімге жаңа келісімшарт жасасуда. Жоспарда 3 ұңғыманы бұрғылау, 120 шаршы км көлемінде 3Д сейсмика жүргізу. Инвестиция - 3 млн. АҚШ доллары.