ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше : Қоршаған ортаны қорғау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қоршаған ортаны қорғау

«ПетроҚазақстан» компаниясының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚЕҚОҚ) мәселелері бойынша саясаты «ПетроҚазақстанның» ҚЕҚОҚ саласындағы мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау және жүзеге асыру негізі болып табылады. Компанияның ҚЕҚОҚ саласындағы басым тапсырмалары болып:


• Барынша мүмкін көлемде жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау;


• Компания қызметіне ҚЕҚОҚ стандарттарын енгізу; 


• Компанияның, жергілікті халықтың және Қазақстан Республикасының тұрақты даму қағидаларын ұстаушылық табылады. 


Алға қойылған тапсырмаларға қол жеткізу мақсатында «ПетроҚазақстан» компаниялар тобында ISO 14001:2004 (экологиялық менеджмент саласындағы стандарт), OHSAS 18001:2007 (кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету саласындағы стандарт) және ISO 50001 (энергетикалық менеджмент саласындағы стандарт) сияқты халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін ҚЕҚОҚ басқару жүйесі сәтті енгізілді.


Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ)


Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:


1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдау кезіндегі басымдылық. 


2. Қауіпсіз жұмыс істеу міндеттемесі – Компанияға жұмыс алу кезіндегі міндетті шарт.


3. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқуды ұсыну қажет.


4. Барлық деңгей басшылары өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың сақталуы үшін жауап береді.


5. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттар мен тексерістерде жеке қатысулары қажет.


6. Жұмыскерлер қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауда, жұмыс орнындағы тәуекелдерді  бағалауда және оларды бақылауда қатысуға міндетті.


7. Барлық қауіпті жағдайлар мен тәуекелдер уақытында жойылу тиіс.


8. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайлар уақытында ескеріліп, тексерілу және талдану тиіс.


9. Мердігерлік ұйымдардағы ҚЕҚОҚ басқаруына Компанияда қабылданған ҚЕҚОҚ-тың бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс.


Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да (бұдан әрі ПҚҚР АҚ) ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы енгізіліп, оның құрамында Қауіпсіздік жөніндегі орталық комитет пен келесі қосалқы комитеттер құрылды: 


- Ынталандыру және коммуникация жөніндегі қосалқы комитет, 

- Апаттарды тергеу жөніндегі қосалқы комитет, қауіпсіздік саласындағы мінез-құлық аудиті (ҚСМҚА) жөніндегі қосалқы комитет, 

- Тәуекелдерді басқару жөніндегі қосалқы комитет, 

- Мердігерлік ұйымдарды басқару жөніндегі қосалқы комитет, 

- Кен орнындағы каскадтық комитеттер. 


Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде ҚСМҚА жүзеге асыру, Компанияның нысандарында ҚЕҚОҚ тәуекелдерін бағалау бағдарламасын орындау сияқты үздік практикалар енгізілді, апаттарды, әлеуетті қауіпті жағдайларды (ӘҚЖ) тіркеу және тергеу, ҚЕҚОҚ саласындағы апаттарды басқару жөніндегі SAP модулінде ҚСТА есепке алу және талдау жолға қойылды, ҚЕҚОҚ бойынша күрделі мәселелерді Компанияның қатардағы жұмыскерлерінен жоғары басшылыққа жеткізу жүйесі енгізілді, бұл осы мәселелерді қарастыру және олар бойынша шешімдер қабылдау үрдісін жылдамдатты.


OHSAS 18001:2007 талаптарына сәйкес ПҚҚР АҚ қағидалары мен міндеттемелерін жүзеге асыру мақсаттарында Компанияда ҚЕҚОҚ басқару жүйесінің қолданыстағы элементтері сипатталған «ҚЕҚОҚ басқару жүйесі (БЖ) туралы ереже» әзірленіп, ҚЕҚОҚ БЖ-нің тұрақты ішкі аудиттері өткізілуде.


Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде жұмыскерлерге әр тоқсан сайын сыйақылар беріліп, олар мақтау қағаздарымен және естелік белгілермен марапатталуда.


Әр жылдың маусым айында Компания ҚЕҚОҚ айын ұйымдастырады. Ай шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жұмыскерлердің ҚЕҚОҚ мәселелері бойынша мәліметтер алуын жақсартуға, басшылықтың барлық деңгейлерінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және келешекте ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. 2017 жылдағы ҚЕҚОҚ айының ұраны: «ҚЕҚОҚ бойынша өз міндеттеріңді орындауда үздік атан!».


ҚЕҚОҚ айы шеңберінде жыл сайын «ҚЕҚОҚ бойынша үздік цех» тақырыбында конкурс өткізіледі. Сонымен қатар, 2017 жылы аталған конкурс аясында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Төтенше жағдайларға дайындылық бойынша үздік цех» және «Үздік мердігерлік ұйым».


Қызметкерлер құрамына өрт қауіпсіздігін дәріптеу мақсатында Компанияда жыл сайын «Өртті сөндіргеннен гөрі, оның алдын алған жақсырақ!» тақырыбында құрылымдық бөлімшелер арасында конкурс-байқау өткізіледі. Конкурс-байқау Қазақстан Республикасының Өртке қарсы қызмет күні қарсаңында өткізіледі. 


Жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру және «ПҚҚР» АҚ жолдарындағы жол-көлік апаттарының санын кеміту, сондай-ақ жол қозғалысына қатысатын адамдардың өмірі мен денсаулығының шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелерінен басым екендігін тану мақсаттарында «ПҚҚР» АҚ және Қызылорда облысындағы «ПҚҚР» АҚ-ның автожолдарын қолданатын жер қойнауын пайдаланушылар арасында Көлік қауіпсіздігі жөніндегі меморандумға қол қойылды.


Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық және облыстық конкурс-байқауларға қатысуда. Мәселен, 2017 жылы «ПҚҚР» АҚ «СЕНIM-2017» конкурсына қатысып, «Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» номинациясында 2-орын алды.


Қоршаған ортаны қорғау


Өндірістік объектілердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғат қорларын тиімді пайдалану жұмыстарына инвестицияларды салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндіріс объектілері мен іргелес аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға жол беретін инфраструктура объектілерін тұрғызуда.


Өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту мақсатында Компания жыл сайын табиғатты қорғау шараларына, халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үрдістерді ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады. 


«ПетроҚазақстан» компаниясы әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Қоғамдық бірлестіктермен бірге қала аумағында және компанияның құрылымдық бөлімшелері бар өндірістік объектілерде ағаштар мен жасыл көшеттерді отырғызу науқандары жыл сайын жүргізіледі.


«ПетроҚазақстан» компаниясы мұнай-газ бен энергетикалық кешен аясындағы «KAZENERGY» Қазақстан ұйымдары бірлестігінің Экология, әлеуметтік жауапкершілік және айқындық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады.


Ірі экологиялық апаттардың алдын алу, атмосфераға шығарылатын шығарындылар бойынша, ағын сулар мен қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша талаптарды сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және қайтадан пайдалану компанияның табиғатты қорғау саласындағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.


«ПҚҚР» АҚ-ында Ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бағдарламасын іске асырылуда, осы бағдарлама аясында электр қуатын өндіруге және газды қабатқа айдауға арналған өндірістік инфраструктура өндірілген газдың толық көлемінің 90%-ына дейінгі үлесін кәдеге жаратуға мүмкіндік береді.


Аймақтық деңгейде «ПҚҚР» АҚ – қазіргі таңда өндірістік қызметтің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз ықпалын әлдеқайда төмендетуге жол беретін табиғатты қорғау объектілерінің ең кең ауқымына ие болып келетін жалғыз мұнай өндіруші кәсіпорын. Осындай объектілерге:


1. Құмкөл кен орнындағы пайдаланған суды тазартуға арналған биологиялық тоғандар;


2. Арысқұм кен орнындағы пайдаланған суды тазартуға арналған биологиялық тоғандар;


3. Құмкөл кен орнындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу және көміп тастау полигоны;


4. Арысқұм кен орнындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу және көміп тастау полигоны;


5. Құмкөл кен орнындағы құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу учаскесі;


6. Құмкөл кен орнындағы төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау объектісі;


7. Қызылқия кен орнындағы бұрғылау қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату учаскесі жатады.


Өзінің табиғатты қорғау инфраструктурасының негізіндегі өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін дамыту тұжырымдасамын жетілдіре отырып, «ПҚҚР» АҚ Құмкөл кен орнындағы құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу учаскесін қайта құру жұмыстарын жүзеге асырды. Қайта құру жұмыстары аясында жобалық-зерттеу мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мұнай кен орындарында түрлі жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде пайда болатын мұнаймен ластанған топырақтарды қайта өңдеуге, сондай-ақ құрамында мұнай бар сұйық пайдаланған суды тазартуға жол беретін жабдықтар сатып алынды.


Кәсіпорын тарапынан бұрғылау қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату полигонын салу жөніндегі шаралар жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында пайда болатын бұрғылау қалдықтары аталмыш объектіге тасымалданады.


Соңғы 2 жылда қайта өңделген бұрғылау қалдықтарын пайдалану ауданы 3 гектардан асатын пайдаланылған карьерлерді толтыруға мүмкіндік берді.


Осының барлығы болашақта өндірістік қалдықтарды тиімді түрде басқару мәселелерін олардың туындау сәтінен бастап-ақ шешуге мүмкіндік береді.