ПетроKазахстан : Еңбек ресурстары : Өтемақылар мен жеңілдіктер
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Өтемақылар мен жеңілдіктер

Өзіміздің жұмыскерлерімізді негізгі құндылығымыз әрі компанияның табысқа ұмтылысындағы басты қозғаушы күш ретінде қарастыра отырып, «ПетроҚазақстан» ауқымды сыйақы жүйесін жасау бойынша іс-шараларды іске асыруда, ол еңбекке ақы төлеу қағидасын күшейтеді, төлемақының ішкі және сыртқы әділдігін, өтемақылық пакеттерді бәсекеге қабілетті деңгейде ұстап тұрады және жұмыстың айрықша сапасының мойындалуын қамтамасыз етеді.

 

«ПетроҚазақстан» компаниясының сыйақы төлеу жүйесі төмендегі элементтерден құралады:

• өтемақылар
• жеңілдіктер
• жұмыс сапасын басқару және мойындау
• даму мүмкіндіктері (толығырақ ақпаратты «Оқыту және қайта дайындау» тарауынан қараңыз)

Өтемақылар


«ПетроҚазақстан» компаниясы еңбекақылар құрылымының шеңберінде төлемақыға әкімгерлік ету бойынша айқын нұсқаулар бере отырып, оның ішкі әділдігін қамтамасыз ететін жүйені ендірді. Лауазымдарды грейдтер бойынша бөліп тарату орындалатын жұмыстың сипатына, еңбектің күрделілік дәрежесіне, жауапкершілік деңгейіне және т.с.с. қарай айқындалады. Аталған жүйе сондай-ақ еңбек нарығына мониторинг жүргізу жолымен төлемақы деңгейлерінің сыртқы әділдігі мен бәсекеге қабілетін де қолдайды.


Бастапқы еңбекақыларды бәсекеге қабілетті деңгейде ұстап тұрумен қатар «ПетроҚазақстан» сондай-ақ төлемақының тиісті заңнаманың талаптарына сай болуына кепілдік береді.


Корпоративтік сыйлықақы жүйесі компанияның тұрақты дамуын көтермелеу үшін әзірленді. Сыйлықақыларды төлеу үшін қажетті шарт – Негізгі өндірістік міндеттердің орындалуы. Сыйлықақылық төлемдердің бөлек жүйесі жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасының орындалуын маңыздылығын бөліп көрсету мақсатында өндірістік жұмысшылар үшін арнайы жасалған. «ПетроҚазақстан» компаниясының барлық сыйлықақылық төлемдері қызметкерлердің барлығының немесе жекелеген топтарының белгіленген өндірістік мақсаттарға жетуге, өнімділікті арттыруға және ұжымдық жұмысты нығайтуға деген ұмтылысындағы бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіруге бағытталған.

 

Жеңілдіктер


Компания өзінің қызметкерлері үшін жеңілдіктердің кең ауқымын ұсынады:

• жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру
• өндіріске байланысты жарақат алатын немесе қаза болатын жағдайға қатысты сақтандыру
• материалдық көмек
• асырауындағы жандарды оқытуда көмек көрсету
• тамақтануға берілетін жәрдемақы*
• тасымалдау*
• ұялы телефон байланысы – жабдық және көрсетілетін қызметтер*
• отбасылық шараларға байланысты қосымша демалыс күндері
• бала күту бойынша корпоративтік жәрдемақы*
• Компанияға тиесілі спорт ғимараттары*
• шипажайға баратын жолдамалар*
• балаларға арналған жазғы лагерлер* және т.с.с.

* аймаққа және (немесе) өкілеттікке байланысты беріледі


Жұмыс сапасын басқару және мойындау

Жұмыс сапасы үшін ақы төлеу қағидасының қолданылуын қамтамасыз ете отырып, Компания барлық қызметкерлердің еңбекақыларының жыл сайын жоғарылауының сапа бағалау бағдарламасының нәтижелеріне тәуелділігін бекітті. Мұндай жүйе еңбекке ақы төлеудің жеке дара деңгейіне ғана емес, мансап сатысы бойынша өсуге де ықпал етуге мүмкіндік береді: ең жоғары баға алған жұмыскерлерге жұмысқа іріктеу мен жалдау үрдісінің шеңберінде артықшылық береді.


Сонымен қатар, жекелеген қызметкерлердің айрықша жұмысын және аса үздік командалық жетістіктерді тану үшін компанияда жыл сайынғы «Президенттік сыйлықақы» бағдарламасы құрылды. Ол «ПетроҚазақстан» компаниясының табысына барынша үлкен үлес қосқан, маңызды ірі жобаларды аяқтаған, қаржы ресурстарының тиімдірек пайдаланылуына, бизнес-үрдістердің, қауіпсіздік техникасының және т.с.с. жақсаруына әкелген өнертабыстық ұсыныстар енгізген жұмыскерлерді көтермелеу үшін қолданылады.