ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Бірлескен кәсіпорындар
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Бірлескен кәсіпорындар

«ПетроҚазақстан» тобы Оңтүстік Торғай алабында қызметін жүзеге асыратын екі бірлескен кәсіпорын – «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен «Торғай Петролеум» АҚ компанияларындағы 50%-дық қатысу үлесін иеленеді.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС құрылтайшылары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ болып табылады, оларға аталған бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ынан тиесілі. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Оңтүстік Торғай алабындағы үш мұнай кен орны – Ақшабұлақ, Нұралы мен Ақсайды игеру мен қазбалауға арналған лицензиялары бар. «Қазгермұнай» БК» Қызылорданы газбен жабдықтау жобасында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның серіктесі болды, бұл жоба Ақшабұлақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын салуды және Ақшабұлақ – Қызылорда магистралдық газ құбырының құрылысын салуды қамтыған еді.
 
«Торғай Петролеум» АҚ акционерлері - «ЛУКойл Оверсиз Құмкөл Би Ви» компаниясы, ол АҚ-ның жай акцияларының 50%-ын иеленеді және «ПетроҚазақстан Инк.», ол да жай акциялардың 50%-ын иеленеді. «Торғай Петролеум» бірлескен кәсіпорнының негізгі қызмет түрі мұнайды барлау, өндіру, шикі мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, қайта өңдеу және сатып өткізу болып табылады. «Торғай Петролеум» АҚ Құмкөл Солтүстік кен орнын игереді және Шығыс Құмкөл кен орнындағы келісімшарттық аумақтың бір бөлігін игеруге лицензиясы бар. «Торғай Петролеум» АҚ сондай-ақ Құмкөл – Арысқұм – Жосалы (ҚАМ) құбыр жолының, соның ішінде Жосалы бекетіндегі мұнай құю терминалының, газды пайдаға жарату зауытының  құрылысы және «Демеу» әлеуметтік қорын құру сияқты жобаларда «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның серіктесі (50%-дық қатысу үлесімен) болды.