ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Өндіруші бөлімше : Қызылорда облысы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қызылорда облысы

Әлеуметтік жобалар | Стипендиялық бағдарлама | «Арай-Sunrise» балалар лагері | Спорт саласындағы жобалар


«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» әлеуметтік жағынан жауапкершілікті компания бола отырып, облыстың әлеуметтік саласын дамытуға, сондай-ақ қайырымдылық және демеушілік іс-шараларға пәрменді түрде ат салысады. ПҚҚР компаниясы үшін басымдықтардың бірі қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қайырымдылық және демеушілік іс-шаралардың пәрменділігі мен әлеуметтік мәнділігін жоғарылату болып табылады. Бұл жұмыстың басты өлшемі бағытты әрі мақсатты көмек көрсету болып табылады, бұл орайда ұзақ мерзімді бағдарламаларға, халықтың қорғансыз топтарына, балаларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, денсаулық сақтау жүйесіне, мәдениет пен өнер мекемелеріне көмек көрсетуге айрықша назар аударылады.


1998 жылдан бастап компания Қазалы қаласындағы Мүгедек балалардың «Шапағат» оңалту орталығына қолдау көрсетіп келеді, ал 2001 жылдан бастап толық қаржыландырады. 2001 жылдан бері көп балалы және әл-ауқаты төмен отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балаларға арналған «Балдәурен» балабақшасын (50 орынға арналған) компания түгелдей қамтамасыз етіп келеді (балаларды тамақтандыруға және балабақшаны ұстауға жұмсалатын қаражат).


1999 жылы «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының пилоттық жобасы «Арай-Санрайз» лагерінің негізінде, тек Қызылорда облысының  мектеп оқушыларына ғана емес, сондай-ақ экономикалық бағдарламаға мүдделі оқытушыларына да арналған 6 күндік семинарлар түрінде іске қосылды. 2000 жылдан бастап Компанияның бастамасы бойынша «Жастар жетістіктері» аймақтық орталығы қоғамдық қоры ашылды, ол түгелдей «ПетроҚазақстан» компаниясының қаражаты есебінен жұмыс істейді. «Жастар жетістіктері» АОҚҚ ашылған күннен бері қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының арасында экономикалық білімді тарату мен қалыптастыру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бірінші кезекте қала мұғалімдерінің арасында қолданбалы экономика бойынша тренингілер өткізілді. Оқытудың көзбе-көз белсенді түрлері, барлық әдістемелік және көрнекі оқу құралдарының, тіпті аудио және бейнекассеталардың болуы, қазақ және орыс тілдерінде көркем безендірілген оқу дәптерлері – осының барлықы мұғалімдердің назарына ұсынылды. Экономикалық бағдарламаның кеңінен танымал болғаны соншалық, осы бағдарламаның негізіндегі «Менеджмент және экономика» сабағы 2002 жылдан бері мектеп бағдарламасына ресми сағаттар түрінде енгізілді. Қазір қалада осы пән мен «Жастар жетістіктері» аймақтық орталығы туралы білмейтін мектеп жоқ.


Мұғалімдер қазір өздерінің шәкірттерін ЭМҮ (экономика мен менеджменттің үлгісін жасау) бойынша сайыстарға, мектеп компанияларының жыл сайынғы жәрмеңкесіне дербес өздері дайындайды. ЭМҮ бойынша қалалық жарыстар және компаниялар жәрмеңкесі осыдан жоғарырақ деңгейдегі осындай іс-шаралар үшін өзіндік бір бастау алаңдарына айналды. 


Сонымен қатар, компания  Макаренко атындағы балалар үйіне,  Сәби үйіне, № 2 «Мұрагер» орта мектебіне толықтай қамқорлық етеді.


2011 жылы Құмкөл кен орнын өнеркәсіптік игерудің 25 жылдығының шеңберінде облыстық балалар ауруханасына медициналық жабдық сатып алуға 150 000 АҚШ доллары сомасына демеушілік қолдау көрсетілді.


Дәстүрлі іс-шаралар:


  • Облыстың 250 тұрғынына арналған азық-түлік қапшығы – бұлар тиісті сатыдағы мекемелерде есепте тұрған әл-ауқаты төмен отбасылар, мүгедектер, Ауғанстан мен Чернобыль апатының құрбандары. Азық-түлік қапшығына әр отбасы үшін барынша маңызды өнімдер – ұн, күріш, қант, шай, май кіреді. Бұл іс-шара жылына екі рет – Жаңа жыл мен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізіледі. 
  • Тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың балалары мен жетім балаларға арналған Жаңа жыл мен Наурыз мейрамы кезіндегі таңертенгілік. Компания балаларға арнап мерекелік ойын-сауық пен сыйлықтарды ұйымдастырады. 
  • 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеу. Компания мерекені түгелдей қаржыландырады, 7000 бөлік балмұздақ және қалалық білім беру бөлімі дайындаған барлық балалар конкурстары үшін жүлделер дайындайды. 
  • «Бірінші сынып оқушысы» іс-шарасы: Облыстың әл-ауқаты төмен және көп балалы отбасыларының балаларына арналған 250 мектеп жинағы. 
  • Ардагерлерге көмек беру. Республикалық және жергілікті газеттергі бір жылға жазылу. Қазақстанның шипажайларында тегін емдеу мүмкіндігін беру.
  • «Қуаныш кереуені» акциясы. 2011 бастап «Қуаныш кереуені» акциясы басталды, оның шеңберінде аудандар мен Қызылорда қаласының балалар демалатын 8 лагерінде бес маусымда түрлі спорттық сайыстар мен мәдени – ойын-сауық шараларына қатысатын 1500-ден астам белсенді балалар «ПетроҚазақстан Құмкөл ресорсиз» компаниясынан сый-тартулар (скейтбордтар, фотоальбомдар, сағаттар, ойыншықтар және т.с.с.) алады.