ПетроKазахстан : Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

«ПетроҚазақстан» компаниясы өз жұмысын халықаралық стандарттарға, заңнамаға сәйкес, сондай-ақ билік органдары мен жұртшылықпен үндестікте ұйымдастыру жолында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (бұдан әрі – «КӘЖ») қағидаларын ұстанады. 


КӘЖ қағидаларын ұстану компанияның басшылығы үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір қызметкері де үшін міндет болып табылады.


Әлеуметтік жауапкершілік 


«ПетроҚазақстан» компаниясының әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасының негізінде компания жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында қызметкерлердің денсаулығын қорғау, оқыту мен дайындау бағдарламалары арқылы адами ресурстарды дамыту, сондай-ақ кешенді басқару жүйесін енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғау идеялары қаланған. Сонымен қатар, «ПетроҚазақстан» компаниясы компанияның өзі қызмет ететін, оның қызметкерлері тұратын және жұмыс істейтін Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті толық көлемде түсінеді.


«ПетроҚазақстан» компаниясы – Қазақстанның ең ірі меценаттарының бірі. Компанияда қайырымдылық және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға демеулік көмек көрсету, сондай-ақ мәдениет пен көркем өнерді, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы жобаларды қолдау жөніндегі бірыңғай саясат жетілдіріліп, іске асырылуда. 


Облыстарда жүргізілетін дәстүрлі әлеуметтік және қайырымдылық бағларламалармен қатар, компания жыл сайын Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен аймақтарға әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау көрсету жөнідегі меморандумдарға қол қояды.


Қазақстанда жұмысты атқару жолында демеушілік пен қайырымдылық мақсаттарына компания тарапынан ондаған миллион АҚШ долларлары бөлінді.