ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Маркетинг және тасымалдау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Маркетинг және тасымалдау

Маркетинг және тасымалдау (МжТ) бөлімшесі өндіруші «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚКР) бөлімшесі мен өңдеуші «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) бөлімшесінің арасындағы «ПетроҚазақстан» компаниялар Тобының байланыстырушы буыны болып табылады.


МжТ бизнес стратегиясы мұнайды экспорттау, импорттау, өңдеу көлемдерін ұлғайту және мұнай өнімдерін экономикалық тұрғыдан неғұрлым пайдалы бағыттар бойынша өткізу арқылы мұнай мен мұнай өнімдерінің айналымы бойынша мәмілелерден түсетін пайданы барынша ұлғайтуға бағытталған. Өзінің бизнес стратегиясын орындау мақсатында, МжТ мұнайды «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыржолы» магистральдік мұнайқұбырлары арқылы тасымалдауды, сондай-ақ мұнай өнімдерін түрлі құймалы терминалдар мен мұнай базаларынан темір жол және автомобиль көлігімен тиеп жөнелтуді жүзеге асырады. 


МжТ мұнайды ПҚОП зауытында өндеуге жеткізуді қамтамасыз етеді және бензин, дизельдік отын, мазут, авиациялық керосин, вакуумдық газойль және сұйытылған газ секілді мұнай өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, сондай-ақ сыртқы нарықтарда өткізеді.


МжТ төмендегідей негізгі құрылымдық бөлімшелерден тұрады, олардың әрқайсысы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметтің белгілі бір бағыты үшін жауап береді:


• Шикі мұнай маркетингі – шикі мұнайды сатып алу және экспортқа өткізу, мұнайды импорттау, ҚР ішкі нарығында өткізу, компанияның бірлескен кәсіпорындарының – «Торғай Петролеум» АҚ мен «СП ҚазГерМұнай» ЖШС-нің мұнайының маркетингі, өңделетін сыртқы тараптапдың мұнайың ПҚОП компаниясына жеткізу.


• Мұнай өнімдерінің маркетингі – мұнай өнімдерін сатып алу және ҚР ішкі нарығы мен экспортқа өткізу, ПҚОП және алыс-беріс ұйымдарымен өңдеу келісімшарттары бойынша өзара әрекеттесу, Компанияның Қазақстанның түрлі аймақтарына мұнай өнімдерін тиеп жөнелту жоспарлары бойынша әлеуметтік міндеттемелерін орындау; мұнай өнімдерін ішкі нарықта тарату және өткізу мәселелері бойынша ҚР уәкілетті орталық және аймақтық мемлекеттік органдарымен, облыс әкімшіліктерімен және операторлармен өзара әрекеттесу.


• Логистика және жеткізілімдер - «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыржолы» (ҚҚҚ) жүйелері мен КАМ мұнайқұбыры арқылы айдауды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру, Компанияның барлық құймалы терминалдарынан мұнай мен мұнай өнімдерін экспортқа және Қазақстанның ішкі нарығына тасымалдау, тауарлық-көліктік және экспедиторлық қызметтердің менеджменті, жылжымалы құрамды басқару, өңдеу үшін ПҚОП мұнай жеткізілімдерін жоспарлау және үйлестіру.


• Активтерді басқару -  МжТ бақылауының астындағы активтерді басқару және оңтайландыру; мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және өткізу бойынша нысандардың техникалық жағдайын, уақытында жөнделуін және іске пайдаланылуын бақылау және активтерді жаңартуды жүргізу.


• Нарықты және бәсекелестікті дамыту – Компанияның барлық бөлімшелері үшін мұнай мен мұнай өнімдері нарықтарын талдау және шолу бойынша ақпараттық қолдау, бұрыннан бар және жаңа өнімдер мен нарықтық бағыттар бойынша маркетингілік зерттеулер жүргізу.