ПетроKазахстан : Компания туралы : Мұраты мен мақсаттары
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Мұраты мен мақсаттары

«ПетроҚазақстан» компаниясының мақсаты – қазақстандық мұнай саласында көпшілік таныған көшбасшыға айналу болып табылады. Біз үлгілі корпоративтік азамат болуға, өзіміздің акционерлеріміз бен Қазақстан Республикасының құндылығына айналуға, қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауды және олардың еңбек қауіпсіздігін, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Компания басқаруының және компания қызметінің тиімділігін үздіксіз арттыра отырып, жұмыскерлердің көшбасшылық қасиеттерін ынталандырып және біліктілігін дамыта отырып, компания өз акционерлерінің тәжірибедегі, білімдегі, инновациялардағы, технологиялар мен басқарудағы артықшылықтарын пайдалану арқылы даму әлеуетін толық іске асыруға ниет білдіруде.


«ПетроҚазақстан» компаниясының жуықтағы жылдарға арналған корпоративтік стратегиясы мұнай өндіру деңгейін арттыру мен оны сақтауға, көмірсутектердің жаңа қорларын арттырып, оның өндірілуін қосымша қорлармен толтыруға, өңдеу тереңдігін ұлғайту арқылы шығарылатын ашық түсті мұнай өнімдерінің шығарылуын көбейтуге, ақша ағымдарын және активтердің таза құнын арттыруға, сондай-ақ өндіріс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге негізделеді.


Менеджмент пен бизнесті жүргізу саласында «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық мүдделі тараптар: үкімет, акционерлік компаниялар, оның қызметкерлері, мердігерлері, іскерлік серіктестері мен жергілікті халық арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге талпынады.


Компанияның табысты болуы бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарының, Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелер мен рәсімдердің, аймақтық ерекшеліктердің, сондай-ақ «ҚҰМК» пен «ҚМГ» ҰҚ» АҚ акционерлер-компаниялардың технологиялары мен инновацияларының үйлесуіне негізделген.


Өз қызметін жүргізу кезінде «ПетроҚазақстан» компаниясы келесі қағидаларды ұстанады:


• Жұмысшылардың денсаулығын, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны барынша қорғау;

• ҚЕҚОҚ қағидаттарын Компанияның басты құндылығы ретінде ендіру;

• Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау  стандарттарын компанияның іскерлік және өндірістік жұмысына ендіру;

• Компанияның, жергілікті тұрғындардың және Қазақстан Республикасының тұрақты даму қағидаттарына адал болу.


Компания төмендегілерді міндетіне алады:


• Тиісті үкіметтік және аймақтық заңдарды және Компанияның реттуші құжаттарын, саясаттары мен стандарттарын ұстану;

• Мұнай өнеркәсібіндегі үздік халықаралық тәжірибені іс жүзінде қолдану;

• Ластауға пәрменді түрде жол бермеу және біздің нысандардың жұмысынан қоршаған ортаға тиетін ықпалды қадағалау;

• Біздің жұмыскерлердің, мердігерлердің және тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне келетін ықтимал қауіп-қатерлерді айқындау, жою немесе қадағалау.

• ҚЕҚОҚ басқару жүйесін және көрсеткіштерді үздіксіз жақсартып отыру.


Осы саясат «ПетроҚазақстан» компаниясының барлық қызметіне қатысты қолданылады. . Компаниямен жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың әрбір қызметкері және қызметкерлер құрамы жоғарыда аталған міндеттемелерге сәйкес жұмыс орындау үшін жауап береді