ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Мұнай өңдеу
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Мұнай өңдеу

1985 жылы салынған Шымкент мұнай өңдеу зауыты еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының ішіндегі жаңасы болып табылады. Зауыт Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің жалпы ағымдағы көлемінің 30%-н өңдейді. Шымкент мұнай өңдеу зауыты – еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстігіндегі жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Географиялық қолайлы орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін ескерсек, кәсіпорынның шығарған мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға шығаруы үшін барлық алғышарттары бар. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жобалық қуаты жылына 5,25 млн. тоннаны немесе жылына шамамен 40,65 млн. баррельді құрайды. 


Зауыт толлингті негізде жұмыс істейді, яғни үшінші тараптардың мұнайын өңдейді. Зауыт Аи-80, Аи-92, Аи-96 бензин түрлері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, вакуум газойлі, мазут пен күкірт сияқты мұнай өнімдерін шығарады. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де заманауи және жоғары технологиялық өңдеу процестері қолданылатындықтан және жоғары білікті персонал жұмыс істейтіндіктен зауыттың шығаратын өнімдерінің сапасы жоғары болып келеді. 


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де біріктірілген менеджмент жүйесі аясында төменде көрсетілген менеджмент жүйелері әзірленіп, енгізілген және олар тұрақты жақсартылып тұрады: 


• ІSO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі 2008 жылы енгізілген. Кәсіпорынның «Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және сақтау» саласында экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестігін растап, «AFNOR Certification» халықаралық компаниясы № 2008/32179.2 сәйкестік сертификатын берген. 

• OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес зауытта 2009 жылы қауіпсіздік және денсаулықты қорғау менеджменті жүйесі (ҚДҚМЖ) енгізілген. Сәйкестік сертификатының № 2010/36323.2. 

• ҚР ISO 50001:2012 СТ ұлттық стандартының талаптарына сәйкес кәсіпорында 2014 жылы энергия менеджменті жүйесі енгізілді. Энергия менеджменті жүйесінің ҚР ISO 50001:2012 СТ-на сәйкестігіне № KZ.7100943.07.03.00398 сәйкестік сертификаты алынған. 

• 2015 жылдың шілде айында ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес «ПКОП» ЖШС қызметінің сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігіне сертификаттау аудиті табысты өткізіліп, № 2015/68820.1. сертификат берілді. 


2016 жылы сертификаттау жөніндегі халықаралық орган «AFNOR Certification» компаниясы «ПКОП» ЖШС-нің СМЖ, ЭМЖ және ҚжДҚМЖ-нің ISO 14001:2004, ISO 9001:2008, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудит жүргізді, сондай-ақ «Астаналық сапа және метрология орталығы» ұлттық компаниясы энергия менеджменті жүйесінің ҚР ISO 50001-2012 СТ-ның талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудит жүргізді. «ПКОП» ЖШС біріктірілген менеджмент жүйесінің сертификаттары расталды және олардың әрекеті бойынша ешқандай ескертулер жоқ. 


2015 жылдың қыркүйек айында стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) ISO 9001 стандартының бесінші редакциясын және ISO 14001 стандартының үшінші редакциясын қабылдады. Қайта қарастырылған құжаттардың алдыңғы құжаттарға қарағанда бірқатар маңызды ерекшеліктері бар және менеджмент жүйелері сертификатталған немесе сертификаттан өткізілуі жоспарланып отырған ұйымдардан әрекеттегі жүйелері жаңа талаптарды қаншалықты қанағаттандыратынына және сондай сәйкестікке қол жеткізу үшін не істеу керектігіне талдау жасауды талап етеді. 


Жаңа стандарттардың талаптарына сай болу үшін «ПКОП» ЖШС-де біріктірілген менеджмент жүйесін ИСО 9001:2015 және ИСО 14001:2015 жаңа нұсқаларына ауыстыру процесі басталды. 

Ауысу процесі барысында біріктірілген басқару жүйесінің мамандары: 


- мамандарды (сапа жөніндегі менеджерлерді, ішкі аудиторларды, басшылықты) оқытты; 

- басқару процестерін бейімдеуден өткізді; 

- әр түрлі менеджмент жүйелерін біріктіріп, құжаттарды жаңартты; 

- жаңа процестерге мониторинг жүргізді. 


Сертификаттау аудиттерін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарланған.  

Сертификаттау аудиттерін өткізуге дайындық аяқталды. Аудит жоспары келісілді және оны ағымдағы жылдың 18-22 қыркүйегі аралығында өткізу жоспарланып отыр.