ПетроKазахстан : Қызметінің бағыттары : Газды пайдаға жарату бағдарламасы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Газды пайдаға жарату бағдарламасы

Ілеспе газды экологиялық жағынан қауіпсіз түрде пайдалану – «ПетроҚазақстан» компаниясы үшін басым бағыт. 2006 жылғы 15 маусымда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ПҚҚР компаниясының Газды пайдаға жарату бағдарламасын бекітті де, компания республикада алғашқылардың бірі болып ілеспе газды тиімді пайдалануға бағытталған жобаларды іске асыруға кірісті. Ілеспе газды пайдаға жарату бағдарламасы бірқатар маңызды экологиялық мәселелерді шешеді: газдың жағылуы мен ауаға шығарылуына, мұнайдың ұсақ бөлшектерінің атмосфераға буланып ұшуына жол берілмейді, мұнайдың төгілуі мен топырақтың ластану ықтималдығы азаяды, өндірістің өртке қарсы қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарады. Компрессорлық жабдықты, қолданыстағы ОРУ 110кВ бөлігін жаңартуды қамтитын II кезеңді аяқтау ісі 2004 жылдың басынан бері іске пайдаланылып келе жатқан қолданыстағы ГТҚ жабдығын жаңартумен қатар жүргізілуде. ОРУ 110кВ жаңарту бүгінгі таңда толық орындалған.

Соңғы бес жылда «ПетроҚазақстан» компаниясы ілеспе газды жинау, тасымалдау және кері айдау бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асырды. 2010 жылдың соңында іске қосу кешені бойынша «Құмкөл ГТҚ-сын кеңейту» жобасының I Кезеңі іске пайдалануға енгізілді. Аталмыш жоба  Құмкөл кен орнындағы қолданыста бар ГТЭС(газ-турбин электр станциясының) қуаттылығының кеңейтуін, яғни, газды пайдаға жарататын және электр қуатын өндіретін, қуаттылығы 55 МВт зауытқа әр қайсысының қуаттылығы 25 МВт тұратын 2 қосымша ГТҚ (газ-турбин қондырғыларын) қосуын көздейді. Осы негізгі жабдықтан басқа бұл жобаның шеңберінде қосалқы технологиялық электржабдықтың, сыйымдықтардың және ОРУ 110кВ (ашық үлестіруші құрылғысы) мен ВЛ 110кВ құрастыруы көзделеді. Бұл жобаның іске асырушылары «ПҚКР» АҚ және консорциумге кіретін «Торғай Петролеум» АҚ. Жобаның бекітілген бюджеті – 47 500 000 АҚШ доллары болса, ПҚКР үлесі  23 750 000 АҚШ долларын құрайды.

 

Аталмыш жоба 2010 жылғы Қызылорда облысының Бизнестің жол картасы бағдарламасының Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі сәтте № 4, 5 ГТҚ бос жүрісте жұмыс істеуде, яғни, ілеспе газды электрқуатты өндірмей пайдаға жаратуда. 50 МВт көлемінде қосымша электрқуатты шығару үшін электр жүйелерінің ұлттық операторы табылатын KEGOC компаниясының техникалық талаптарын орындау керек. Осы сәтте шарттардың басым бөлімі орындалды. ПҚКР осы шарттарды тездетіліп орындауға барынша күш жұмсауда.