ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Оңтүстік Қазақстан облысы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Оңтүстік Қазақстан облысы

Білім беру саласындағы жобалар | Денсаулық сақтау саласындағы жобалар | Спорт саласындағы жобалар | Мәдени жобалар

«ПетроҚазақстан» компаниясының бөлімшелері Қазақстанның қай өңірінде жұмыс істесе, сол өңіріне әлеуметтік көмек ұсыну туралы компанияның жалпы саясатына сәйкес «ПетроҚазақстан» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамытуға белсенді қатысып келеді. 


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басшылығы ОҚО-ның әкімдігімен бірлесіп өңірге әлеуметтік көмек көрсету жобаларын іске асыруда. Сондай-ақ, «ПетроҚазақстан» әлеуметтік салада өз бастамалары бойынша аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан балаларға және жетім балаларға, зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ талантты жастарға қайырымдылық көмек көрсету сияқты бір қатар әлеуметтік жобаларын іске асыруда. 


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ауыл мектептеріне, ҰОС ардагерлеріне қолдау көрсетіп келеді, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастықта жұмыс жүргізуде. Компания мәдениет және спорт саласындағы жобалардың белсенді демеушісі болып табылады және денсаулық сақтау мекемелеріне қолдау көрсетіп келеді.