24 тамыз 2009 ж.

scholarship

Қорқат ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында Қызылорда облысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниясының Стипендиялық бағдарламасының он үш финалисін марапаттау рәсімі болып өтті.

Қытай мұнай университетінің, Қазақ-Британия техникалық университетінің және Қазақстан менеджмент, экономика және стратегиялық жоспарлау институтының болашақ студенттерін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Ержан Уайыс, «ПетроҚазақстан» компаниясының еңбек ресурстары және әкімшілік жөніндегі вице-президенті Синь Чжунлинь, Қорқат ата атындағы ҚМУ-дың Халықаралық департаментінің директоры Тимур Кеншібаев құттықтап, оқуда үздік табысқа жетуіне тілек білдірді.

Қызылорда облысы бойынша «ПетроҚазақстан» компаниясының Стипендиялық бағдарламасы әкімдіктің қолдауымен құрылып, 2005 жылы басталған болатын. Бұл бастамаға Қызылорда облысының дарынды жастарының сапалы білім алуына жағдай жасау және компания  мен  республика үшін біліктілігі жоғары мамандар резервін қалыптастыру идеясы негіз болған еді. Үміткерлердің жоғары деңгейі және конкурсқа іріктеудің жариялылығы мен әділдігі бағдарламаның негізгі қағидалары болып табылады. Бағдарлама бойынша оқуды бітіргеннен кейін «ПетроҚазақстан» компаниясында іс-тәжірибеден өтіп, бес жылдық еңбек шартын жасасу мүмкіндігі қарастырылады.

 

Владимир Воробьев /Кызылординские вести (Қызылорда), № 128 (16811), 25.08.2009 жыл



← Жаңалықтар бетіне қайту