«ПетроҚазақстан» компаниясының қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚЕҚОҚ) мәселелері бойынша саясаты «ПетроҚазақстанның» ҚЕҚОҚ саласындағы мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау және жүзеге асыру негізі болып табылады. Компанияның ҚЕҚОҚ саласындағы басым тапсырмалары болып:
  • Барынша мүмкін көлемде жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау;
  • Компания қызметіне ҚЕҚОҚ стандарттарын енгізу; 
  • Компанияның, жергілікті халықтың және Қазақстан Республикасының тұрақты даму қағидаларын ұстаушылық табылады. 

Алға қойылған тапсырмаларға қол жеткізу мақсатында «ПетроҚазақстан» компаниялар тобында ISO 14001:2004 (экологиялық менеджмент саласындағы стандарт), OHSAS 18001:2007 (кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз ету саласындағы стандарт) және ISO 50001 (энергетикалық менеджмент саласындағы стандарт) сияқты халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін ҚЕҚОҚ басқару жүйесі сәтті енгізілді. 


Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ)

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:
  1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдау кезіндегі басымдылық. 
  2. Қауіпсіз жұмыс істеу міндеттемесі –жұмысқа алу кезіндегі міндетті шарт.
  3. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқуды ұсыну қажет.
  4. Барлық деңгей басшылары өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың сақталуы үшін жауап береді.
  5. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттар мен тексерістерде жеке қатысулары қажет.
  6. Жұмыскерлер қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауда, жұмыс орнындағы тәуекелдерді  бағалауда және оларды бақылауда қатысуға міндетті.
  7. Барлық қауіпті жағдайлар мен тәуекелдер уақытында жойылу тиіс.
  8. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайлар уақытында ескеріліп, тексерілу және талдану тиіс.
  9. Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ-тың бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс.

Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де (бұдан әрі «ПҚОП» ЖШС) ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы («АМАН» жобасы) енгізіліп, оның құрамында Жоғары көрсеткіштер жөніндегі комитет пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы келесі қосалқы комитеттер құрылды:
  • нұсқаулықтар, ережелер мен рәсімдер жөніндегі қосалқы комитет;
  • оқыту және дамыту жөніндегі қосалқы комитет,
  • ақпараттандыру және ынталандыру жөніндегі қосалқы комитет,
  • қауіпсіздік саласындағы тиімділікті басқару және талдау жөніндегі қосалқы комитет,
  • мердігерлік ұйымдардың қауіпсіз жұмысы жөніндегі қосалқы комитет.

Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде келесі үздік практикалар енгізілді:
  • Қауіпсіздік саласындағы тәртіптік бақылауды жүргізу;
  • ҚжЕҚ бойынша алтын ережелер мен нөлдік төзімділік ережелері дайындалды;
  • ҚжЕҚ саласындағы негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша мониторинг және есептілік жүйесі енгізілді;
  • аумақта ҚЕҚОҚ бойынша ақпараттық стендтер және зауыттың өтпелі жерінде тәуліктік ақпараттық таблосы орнатылды.

Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде әр тоқсан сайын жұмыскерлер бағалы ақшалай сыйлықтармен марапатталуда.

Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық конкурс-байқауларға қатысуда. ОҚО бойынша Еңбек инспекциясы басқармасымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай (2018 жылы) «ПҚОП» ЖШС «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау аясындағы үздік кәсіпорын» номинациясында марапатталған. 

2018 жылы «ҚМГ» ҰК» АҚ компаниялар тобының төртінші жыл сайынғы бас директорлар форумында Компания  еңбекті қорғау аясында үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Өлімсіз 20 жыл» сертификатымен  марапатталды.


Қоршаған ортаны қорғау

Өндірістік объектілердегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғат қорларын тиімді пайдалану жұмыстарына инвестицияларды салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндіріс объектілері мен іргелес аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға жол беретін инфраструктура объектілерін тұрғызуда.

Өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту мақсатында компания жыл сайын табиғатты қорғау шараларына, халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін ресурс үнемдеуші технологиялар мен үрдістерді ендіруге айтарлықтай қаражат бөліп отырады. 

«ПҚОП» ЖШС әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Кәсіпорын аумағында және санитариялық қорғау аймағында ағаштар мен жасыл көшеттерді отырғызу науқандары жыл сайын жүргізіледі.

Ірі экологиялық апаттардың алдын алу, атмосфераға залалды заттардың шығарылуы, ағын сулар мен қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша талаптарды сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу және қайтадан пайдалану компанияның табиғатты қорғау саласындағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес «ПҚОП» ЖШС зауыт нысандарын тексеруді,  шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтерін  сақтауды бақылау шеңберінде қоршаған орта компоненттері жағдайының және зауыттың санитариялық қорғау аймағында топырақ сапасының аспаптық өлшемдерін жүргізеді. 

«ПҚОП» ЖШС өндірісінің қайта құрылуы мен жаңғырту бойынша жұмыстары аяқталды, соның ішінде кәсіпорынның тазарту құрылыстары: «жабық» типті қондырылған жабдық атмосфералық ауаға ластандырғыш заттардың эмиссиясын және топырақ жамылғысын алдын алады. Кері осмос қондырғысында ағын суларды қосымша тазарту жылына таза суға шаққанда 1,5 млн. м3–қа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл технологиялық мұқтаждық үшін жалпы су тұтынудың 32% құрайды. 

2017 жылы төтенше жағдай туындаған жағдайда жаңа технологиялық қондырғыларында және ресурстарды берудің жаңа қондырғыларында (инженерлік желілер) көмірсутектің, жанармай мен басқа да қауіпті заттардың жануы жолымен кәдеге жаратуға арналған екі факелді жүйеден тұратын кәсіпорынның жаңа факелді қондырғысы пайдалануға берілді. Оқпан биіктігі ластандырғыш заттардың шашырау аймағын ұлғайтуға мүмкіндік беретін 137 метрді құрайды. Бұрынғы оқпандардың биіктігі 42 метрді құраған. 

«ПҚОП» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі жетістіктері: 
  1. Экологиялық оқиғалардың орын алмауы. 
  2. Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың бекітілген нормалардан асырылмауы. 
  3. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы «ПҚОП» ЖШС-нің Мақсаттары мен тапсырмаларының жыл сайын әзірленуі және олардың орындалуына бақылаудың орнатылуы.
  4. Жылыжай газдардың шығарындыларының көлемі Ұлттық квоталарды бөлу жоспарында белгіленген мөлшерден аспайды.
  5. Зауыттың тазарту құрылыстарындағы өнеркәсіптік ағын суларды тазартқаннан кейін 796,640 м3 көлеміндегі ағын су өртке қарсы жүйенің үлесіне кері қайтарылды, қайтару барысында таза суға шаққанда 212 млн.теңге үнемделді.