Южный Казахстан (Шымкент), № 67 (18609), 05.06.2009 жыл.
Тоғанның орны ауысады /И. Ставринаки/
Дүйсенбі күні салтанатты жағдайда Көксарайдағы қарсы реттеу қондырғысы аймағынан ағынды сулардың буландырғыш тоғанын Ордабасы ауданының аумағына көшіру жобасы бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары туралы келісімшарттарға қол қойылды. Буландырғыш тоғанның жаңадан орналасқан жері Шымкенттен 65 шақырым, ал дәлірек айтқанда, Арыстан 30 шақырым жердегі Қалаш бекетінің аймағында орналасты.
Арнайы өткізілген ашық тендерде 16 үміткердің арасынан екі мердігерлік ұйым жеңіп шықты. «А және К — құрылыс» ЖШС (басшысы К. Ахмет) мен «ГеоАрх-жоба» ЖШС-нің (өкілі П. Пернебаев) тиісті лицензиялары, тәжірибесі, жеткілікті материалдық-техникалық базасы бар. Олар бірнеше нысан бойынша өздерін жақсы жағынан көрсете білді, солардың қатарында Көксарай қарсы реттегіш қондырмасы бар. Сонымен қатар, келісімшарт бойынша осы ұйымдардың басшылары құрылысқа жұмысшыларды жергілікті тұрғындардың қатарынан қабылдайтын болады. Аталған жобаға «Петро-Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС шамамен 440 миллион теңге жұмсамақ. Қабылданған міндеттемелер бойынша, жоспардағы жұмыстардың бүкіл көлемін 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде орындау қажет.
«ПҚОП» ЖШС-нің вице-президенті А. Әкішевтің айтуынша, «ПетроҚазақстан Ойл продактс» ЖШС Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың көктемгі тасқын суларға байланысты мәселелерді шешу бойынша бастамасын қолдайды. Қарсы реттегіштің құрылысы — осы талай жылдан бері келе жатқан мәселенің бірден бір дұрыс шешімі. Бұл ең алдымен тасқын сулар мен топан сулардан зардап шегетін тұрғындардың мүддесінде іске асырылады. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға орасан зор мемлекеттік қаржы шығындалады.
Жалпы ауданы 500 га ағынды суларды буландыратын тоған Көксарай су қоймасының аумағында қалды да, әрине, оны жаңа орынға ауыстыру қажеттігі туындады. Оны біз ұзақ әрі мұқият таңдадық.
— Біз бірнеше нұсқаны қарастырдық. Көптеген факторларды, бәрінен бұрын экологиялық факторларды есепке алуға тура келді. Түпкілікті нұсқаға тоқталмастан бұрын, біздің компания буландырғыштың жаңадан орналасатын жерін барлық жетекші министрліктермен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігімен өзара келісті. Буландырғыш тоғанның қоршаған ортаға келтіретін ықпалы алдын ала бағаланды. Мамандардың бағалауы бойынша, ол ешқандай зиян келтіре алмайды, өйткені оған келіп түсетін бүкіл су бірнеше тазарту сатысынан өтетін болады. Әлбетте, оны асқа пайдалануға немесе су айдынында шомылуға болмайды, бірақ оны техникалық дақылдарды суару үшін пайдалануға болады. Осы шарттар жайында «ПҚОП» қызметкерлері қоғамдық тыңдаулар кезінде осы жаңа құрылыс тұрғызылатын аумақтағы ауылдық округта тұрып жатқан адамдарға айтып берді, — деп мәлімет берді экология және қоршаған орта департаментінің директоры А. Ембердиев.
Сонымен қатар, өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындай отырып, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ескі буландырғыш тоғанға су жеткізетін құбыржолдың бір бөлігін бөлшектегеннен кейін оның астындағы жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Ал келешекте зауыт айналымдық суды пайдалану бойынша пайыздық арақатынасты ұлғайтуға ниетті, бұл оның буландырғыш тоғанға келіп түсетін көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
«ПКОП» компаниясы қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз ықпалды барынша азайтуға ұмтылады, сондықтан экологиялық мәселелермен өндірістік қызметтен қол үзбестан, тұрақты негізде шұғылданады.
Ағынды суларды буландыратын жаңа тоғанның құрылысы барлық ережелерді сақтай отырып жұргізіледі, олардың ең бастысы – адамдарға да, қоршаған ортаға да зиян келтірмеу; осының өзі төрт R (Reduce – азайту, Reuse—қайта пайдалану, Recycle – қайта өңдеу, Recover — қалпына келтіру) ережесі бұлжытпай орындалып жатқанына барша жұрттың көзін тағы да бір жеткізді. Құрылысты жүргізетін мердігерлік ұйымдарға қойылатын талап қатаң болмақ. «ПҚОП» ЖШС жұмыстардың сапасын және нысанды іске пайдалануға тапсыру мерзімін бақылайтын болады.