/**/

«АРАЙ-SUNRISЕ» лагеріндегі экономикалық ауысым

Кызылординские вести (Қызылорда), № 82 (16765), 02.06.2009 жыл.

«АРАЙ-SUNRISЕ» лагеріндегі экономикалық ауысым   /Серік Бижанов/

«Арай-Sunrisе» лагерінде 25 — 30 мамыр аралығында «Бизнес, білім + жеке бас дамуы + қызықты демалыс» атты жастардың республикалық экономикалық лагері орналасты. Бұл іс-шараны ұйымдастырған – «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры (Астана), ал демеушілік көмек көрсеткен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы болды.

Жобаның мақсаты – республикада жүздеген мектеп, мыңдаған оқушы шұғылданып жүрген «Джуниор Эчивмент» «Қолданбалы экономика», «Экономика мен менеджмент үлгісін жасау», «Мектеп компаниясы», «Банктердің жұмысы», «Әлемдік бизнес-этика» атты экономикалық бағдарламаларды оқушылардың арасында тарату.

«Джуниор Эчивмент Қазақстанның» менеджері Раиса Жандалинованың айтуынша, лагерьде экономикалық ортаның үлгісі жасалып, балалар оған тренингтердің көмегімен белсене араласты. Олардың ұзын саны он болды. Қыздар мен жігіттер өздерінің түрлі қызметтер көрсететін фирмаларын ашып, шеберханаларда жасап шығарған бұйымдарын сатты. Ойын кезінде тауардың құны, нарықта сатып өткізу жолдары туралы шешімдер қабылдады. Барынша мол түсім түсіргендер жеңіп отырды. Сонымен қатар балалар газет шығарды.

 Сондай-ақ бозбалалар мен бойжеткендер басшы болу машықтарын үйренді: өздерінің әлдебір комплекстерінен арылуды, қол астындағылардың психологиясын зерделеп, кадрларды сауатты тағайындауды үйренді, актерлік шеберлікке, көпшіліктік алдына шығып сөйлеуге және қиын жағдайлардан абыроймен өтуді үйренді. Балалардың арасында болашақ әкімшілер бар болуы әбден мүмкін, сондықтан алған білімдері келешекте оларға міндетті түрде керек болады. Оларға қаржы институттарының қандай қағидалар бойынша жұмыс істейтінін білген де артық болмайды. Мысалы, көптеген оқушыларға «Банктердің жұмысы» тренингі ұнап қалды, оның барысында олар банктердің тіршілігінен едәуір хабардар болып қалды.

Лагерьде өз еңбек биржасы да жұмыс істеді, онда әдетте 10-12 бос жұмыс орны болатын (асхана жұмыскерлері, жүкшілер, сценаристер, жүргізушілер, бишілер, әншілер және т.с.с.). “Жұмыспен қамту орталығында” тіркелгендерге жолдамалар беріліп, ал олармен өзара шарттар жасасқан жұмыс берушілер экон ақшасымен (жасөспірімдердің валютасы осылай аталады) есеп айырысты. Және де еңбекақы кешіктірілместен, тұрақты төленіп отырды. Экондарға қалағандардың барлығы ұйымдастырылған жәрмеңкеде сатылатын заттардан өздеріне ұнағандарын сатып алуына болатын. Сонымен қатар балалар ән айтып, би билеп үйренді, спорттық ойындарда сайысты.

Лагерьде Қазақстанның 13 аймағынан 8-ші – 10-шы сыныптың 160 шәкірті жиналды, олармен 10 жаттықтырушы және 20 экономика мұғалімі жұмыс істеді. Мұғалімдердің міндеті балалардың дарынын ашып, оларды жетілдіру, сондай-ақ оқушыларлардың демалуы үшін үйдегі сияқты әрі көңілді ахуал жасау болды. Балалардың шат күлкісіне қарағанда, мұның сәті түскен секілді. Оқушылар Сағындық Бушановтың, Данияр Омаровтың (екеуі де Ақтөбеден), Алина Руднянскаяның, Наурызжан Исмайыловтың (екеуі де Петропавлдан), Фариза Набиеваның (Степногорск) айтуынша, лагерьде оларға ұнағаны: мұғалімдер жақсы, сондықтан оқушылар бұл жерден жаңа білім үйреніп қайтады, сондай-ақ мұнда олар басқа балалармен достасты. «Арай-Sunrisе» лагерінде тұру үшін тамаша жағдай жасалған, аспаздар тамақты дәмді пісіреді (тамақ – күніне бес дүркін), күн сайын дискотекалар өткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, мұнда қызықты әрі көңілді. Ең маңыздысы – оларға бастамашылығын, дербестігін танытуға, сенаторлар мен президент қызметін атқару сеніп тапсырылды (лагерь – өзінің экономикалық заңдары бар бөлек балалар мемлекеті секілді).

Лагерьде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының вице-президенті Чэнь Да Ю және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков болып қайтты. Олар жобаға қатысушылармен кездесу өткізді.

«Джуниор Эчивмент Қазақстанның» өкілдері мен балалар «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясына жылы шыраймен қабылдағаны және көрсеткен демеушілік көмегі үшін алғыс білдірді. Лагерьде өткізген күндерін олар көпке дейін ұмытпайды.

Вы переходите на pkop.petrokazakhstan.kz