ПетроKазахстан: Жаңалықтар : Экологияға көрсеткен қамқорлық үшін – “Алтын Прометей”
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Экологияға көрсеткен қамқорлық үшін – “Алтын Прометей”
27 қыркүйек 2009 ж.

Kazenergy_prize23-25 қыркүйекте Астанада саланың жыл сайын өткізілетін іс-шарасы – “ҚазЭнерджи” қауымдастығы ұйымдастырған “Қазақстандық мұнай және газ апталығы” болып өтті. Апталықтың шеңберінде біздің компания Қазақстандық халықаралық мұнай-газ көрмесіне және 4-ші Еуразиялық форумға қатысты.

 

Саланың еңбек сіңірген қайраткерлерін марапаттау салтанатына “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ мен “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС-нің өкілдері қатысты. “ПетроҚазақстанның” ұзын саны 30-дан астам қызметкері Қазақстан мұнайының 110 жылдық мерейтойының құрметіне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын иеленді.

 

Сондай-ақ “ПетроҚазақстан” компаниясы саланың жоғарғы сыйлығы – ең үздік нәтижелер көрсеткен мұнай-газ компаниялары жыл сайын марапатталатын “Алтын Прометеймен” марапатталды. Биыл “Алтын Прометей” тоғыз номинация бойынша тапсырылды. Жеңімпаздарды таңдау тәуелсіз сарапшы – номинанттардың материалдарын талдаудың негізінде жүзеге асырылды, талдауды Aequitas заң фирмасы дайындады. Дауыс беру қорытындылары бойынша “Үздік экологиялық бағдарлама” номинациясында ең көп дауыстар саны біздің компанияға берілді де, біз еңбегімізге қарай Қазақстанның барша мұнай-газ компанияларының арасындағы экология саласындағы көшбасшы компания деп танылдық! Тек соңғы бірнеше жылдың өзінде-ақ компания табиғат қорғау қызметіне 150 миллион доллардан астам қаражат құйды.

 

“ПетроҚазақстан” компаниясының газды пайдаға жарату бағдарламасы қоршаған ортаға жасалатын ықпалды барынша төмендетуге және табиғат қорғау бойынша іс-шаралардың экологиялық тиімділігін арттыруға, сол арқылы Республиканың көптеген экологиялық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.



← Жаңалықтар бетіне қайту