ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Қызметінің нәтижелері жайлы
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қызметінің нәтижелері жайлы
23 ақпан 2012 ж.

БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ



2011 жылы «ПетроҚазақстан Инк.» «Қазгермұнай» және «Торғай-Петролеум» бірлескен кәсіпорындардың 50% үлесін қоса алғанда, 5,9 млн. тонна мұнай  өндірді. Олардың ішінде ПҚҚР және Көлжан бойынша – 3,2 млн.тонна (бұл 2010 ж. көрсеткіштен 180 мың тоннаға көбірек), Торғай-Петролеум бойынша – 1,25 млн.тонна, ҚазГерМұнай бойынша – 1,5 млн.тонна өндірілді. 2011 жылы 95 жаңа ұңғымалар пайдалануға берілді. Олардың 63-і өндіру және 32-і барлау ұңғымалары. 951-D лицензиясы бойынша 150 ш.км. көлемінде сейсмобарлау жүргізілді. 1057 келісім-шарт бойынша 300 ш.км. көлемінде сейсмобарлау өткізілді.


ӨҢДЕУ



2011 жылы жоғары октан бензиндерін өндірудің рекордық көрсеткіштеріне қол жеткізілді (өңдірілетін бензиннің жалпы көлемінің 63%). 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 91 мың тоннаға ұлғайды. Мұнай өңдеу өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28 мың тоннаға  өсті. Зауыт қыстық дизельді, жағу мазутын және жоғары октан маркалы бензиндерін шығару көлемін арттырды.


2011 жылдың ішінде зауыттың мамандары шығарылатын өнімдердің сапасын жоғарлату бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Компания МӨЗ жаңарту және дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда, оның аясында 7 жаңа технологиялық қондырғылардың құрылысы, сонымен қатар қолданыстағы 3 қондырғыны қайта жаңғырту қамтылған. Зауытты жаңарту және қайта жаңғырту жобасының мақсаты 2016 жылдан бастап Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкес мұнай өнімдерін шығаруға көшу, МӨЗ-ның өңдеу қуатын жылына 6 млн.тоннаға жеткізу, сонымен қатар өңдеу тереңдігін ұлғайту және ашық түсті мұнай өнімдерін шығару болып табылады.


МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ


«ПетроҚазақстан» мұнай өнімдерінің нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан тұтынушыларға отынды жеткізу бойынша өз міндеттерін үнемі орындауда. ҚР-ғы ЖЖМ нарығын тұрақтандыру және әлеуметтік-жауапты компанияның мәртебесін сақтау аясында әлеуеметтік бағдарламалар бойынша 341 мың тонна мұнай өнімдерін (дизель, бензин, мазут, әуе керосині) жеткізу қамтамасыз етілді.


Цистерналар айналымының жөнге салынған жүйесінің арқасында компания тасымалдау құнының төмендеуіне қол жеткізіп, Қазақстанның жүк жөнелтушілерінің ішінде көшбасшы компаниялардың бірі ретіндегі өзінің ұстанымын сақтады.


ҚТҚОҚ


Өткен жылы компанияның бірқатар бөлімшелерінде (ПҚОП, ПҚОСИ және ПҚСҮ) ҚТҚОҚ басқару жүйесінің ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын аудит сәтті өтті. ПҚҚР-да аталған стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар басталды. «ПетроҚазақстанда» қабылданған барлық өндірістік қауіпсіздік стандарттары орындалып,  тиімді іске асырылуда.

 

КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК


2011 жылы әлеуметтік жауапкершілік бойынша алынған барлық міндеттемелерді компания толық көлемде және белгіленген мерзімде орындап шықты. Дәстүрлі демеушілік және қамқорлыққа алынған ұйымдарды қолдау жобаларына қоса, 2011 жылы ПҚОП және ПҚҚР компаниялары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының Әкімшіліктерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қол қойылған Меморандумдардың аясында  әлеуметтік жобаларды іске асыруда ПҚОП 1 млн. доллар, ПҚҚР – тиісінше 2,5 млн. бөлді. 


2011 жылдың қыркүйегінде компания Құмкөл кен орнын игеруінің 25 жылдығын атап өтті. Мерейтойлық күннің аясында  «Құмкөлге – ширек ғасыр» атты мерейтойлық фотоальбом шығарылды, сонымен қатар «Құмкөлдің қара алтыны» документальдық фильм дайындалды. Мерейтойдың құрметіне компания Қызылорда балалар ауруханасы үшін 150 мың доллар сомасына медициналық жабдық сатып алды. Сондай-ақ, компанияның бастамасымен және оның қаржылай қолдауымен орталық кітапхананың жаңа ғимаратында  сурет өнерінің республикалық көрмесі өткізілді.


МАРАПАТТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ


Тізбектелген көрсеткіштері компанияның алға қойған басқармалық және өндірістік стратегиясының дұрыстығын дәлелдейді. Сәтті өндірістік нәтижелері «ПетроҚазақстанның» мемлекеттің мұнай-газ саласындағы көшбасшы компанияларының қатарында беделді орын алуын куәландырады. Бүгінде біздің компания республикадағы ірі мұнай компанияларының бестігін тұйықтайды.


2011 жылы компания «КазЭнерджи» қауымдастығы алғаш рет ұйымдастырылған «Ар-Намыс» байқауында «Тұрақты әлеуметтік ұстаным» номинациясы бойынша алды болды. Аталған номинацияға өз жұмыстарының барысында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты ұстанымын және тапқан жүйелі шешімін  көрсете білген энергетикалық сектордың компаниялары ұсынылған болатын.


2011 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқауда   «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» өңдеу бөлімшесі «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алтын Парыз» сыйлығын алды. Аталған байқауда  «ПетроҚазақстан» компанияларының тобы екінші жыл танылуда. Ертеректе, 2008 жылы  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» өндіру бөлімшесі  «Ең жақсы әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша күміс иегері болған еді.


2011 жылы Қазақстанның ең ірі 100 компанияларының рейтингінде («Эксперт-Қазақстан» РА) біздің компания өткен жылғы орынынан жоғарлап, 4-і орынды иеленді. 2011 жылы «ПетроҚазақстан» ең беделді 50 қазақстандық компаниялардың рейтингіне («Exclusive» журналы) және Қазақстанның 500 ең ірі компанияларының рейтингіне («National Business» журналы) аталды.


Тәуелсіз Қазақстанның 20-жылдығына орай ҚР-ның қалыптасып дамуына және егемендігін нығайтуға қосқан үлесі үшін Президент жарлығымен компаниянң үздіктері «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» атты мерекелік медальдарымен марапатталды, «Құрмет» орденімен, «ҚазМұнайГаз» құрмет грамотасымен, «ҚазЭнерджи» мерекелік медалімен, «ҚазЭнерджи» құрмет грамотасымен, «ҚазЭнерджи» алғыс-хатымен, Мұнай және газ министрлігінің құрмет грамотасымен. Аталған барлық марапаттар біздің әріптестеріміздің біліктілігі мен квалификациясы компаниядан тыс жерлерде де бағаланатындығына көз жеткізуде.  



← Жаңалықтар бетіне қайту